Untitled Document

Оқиға... Қазір біліп келемін

Бір күні бір жұмысшы бастығына келіп шағымданыпты:

- Біз екі жұмысшымыз, екеуміз де бірдей жұмыс істейміз, бірақ ана адамның айлығы менің айлығымнан үш есе артық бұның себебі неде? Бұл әділетсіздік емес пе? - деген екен. Сонда бастығы:

- Сен даладағы шығып жатқан дыбысты естіп тұрсың ба?

- Иә.

- Соны барып біліп келші, не болып жатыр екен? - дейді. Барып келген жұмысшысы:

- Құбыр жарылған екен, сондықтан жолды қазып жөндеп жатыр екен, - дейді.

- Қанша уақыт жөндейді екен?

- Қазір біліп келемін, - деп шығып кетеді. Барып сұрап келіп:

- Бес күнге созылады екен, - деп жауап береді.

- Жол ашық па екен, машиналар жүріп жатыр ма?

- Қазір біліп келем, - деп қайта шығып барып келеді.

- Жабық екен.

- Енді бес күн бойы қай жақпен жүреді екенбіз?

- Қазір біліп келемін, - деп қайта барып келіп:

- Келесі жатқан бір тараптық көшені уақытша екі тараптық етіп ашыпты сол жақпен айналып жүре тұрады екенбіз, - дейді.

Кейін бастық екінші жұмысшысын шақыртып, одан да дәл солай сұрайды:

- Даладағы дыбыстарды естіп тұрсын ба? Біліп келші не болып жатқанын.

Барып біліп келген жұмысшы:

- Құбыр жарылған екен, соны жөндеп жатыр. Жөндеуге шамамен бес күн кетеді екен, соған байланысты жол жабылып, уақытша келесі көшені екі тарапты етіп ашқан екен, сол жақпен жүруімізге тура келеді, - деп жауаптайды.

Бастығы бірінші жұмысшысына қарап сұрапты:

- Eнді түсінікті болды ма себебі?...