Untitled Document

Сұхбат ... Иман және ұят

Жәбрейіл алейһиссалам ақыл, ұят және иманды Адам алейхиссаламға әкеліп былай деді:

- Ей Адам! Аллаһу та’ала саған сәлемін айтты. Алып келген мына үш сыйлықтың бірін қабыл алуыңды бұйырды.

 Адам алейһиссалам:

- Әкелген бұл үш сыйлықтың ішінен ақылды қабыл алдым.

Жәбрейіл алейһиссалам иман мен ұятқа қарап:

- Сендер бара берсеңдер болады.

Сонда Иман оған:

- Аллаһу та’ала маған ақыл қайда қалса, сен де сонда қал деп бұйырған.

Сондықтан мен ақылдан айрылып кете алмаймын!

Ұят та:

- Аллаһу та’ала маған да дәл солай бұйырған. Мен де ақылдан айрылып кете алмаймын!

Аллаһу та’ала кімге ақыл берсе, ұят пен иман онымен бірге болады. Ақылы болмаған адамның ұяты да, иманы да болмайды.

Әдеп-ахлақ ...

Қызғаншақтық

Қызғаныш – қызғану, көре алмау деген сөз. Аллаһу та’аланың біреуге берген нығметтерінің ол адамнан кеткенін қалау.

Адам өзінде қызғаныш сезімінің бар екеніне ренжімесе немесе өз қалауымен қызғанатын болса күнә, харам болады. Мұны сөздерімен, әрекетімен білдірсе одан да үлкен күнә болады. Ол ғибадаттың сауабын да жояды. Адам біреуде бар нығметтердің одан кеткенін қаламай, өзінде де болғанын қаласа бұл қызғаныш болмайды, бұл әуестену болады. Бұл жақсы нәрсе. Дұрыс адамға әуестену уәжіп.

Қызғанған адам босқа ренжіген, шаршаған және күнә істеген адам болып саналады.