Untitled Document

Сұхбат... Ғұсыл қалай алынады?

Сүннетке сай ғұсыл былай алынады:

1) Таза болса да әуелi екi қолды, содан кейін әурет жерді және дененiң басқа да жерлерiн жуады.

2) Одан соң толық дәрет алады. Жүзiн жуып жатқанда ғұсылға ниет етеді. Аяқтың астына су жиналмаса аяқты да жуады.

3) Одан соң дененiң барлық жерiне үш рет су құяды. Алдымен басқа, кейін оң иыққа, кейiн сол иыққа үш реттен су құйылады. Әр құйғанда сол мүшелерге толық су тию керек. Бірінші құйғанда ысқылау қажет.

Ғұсылда дененiң бiр мүшесiне құйылған су басқа мүшеге  тисе ол жер де таза болады. Өйткенi ғұсылда бүкіл дене бiр мүше болып есептеледi. Ал дәретте бiр мүшеге құйылған су басқа мүшеге тисе толық жуылған болып есептелмейдi. Ғұсыл алғаннан кейін қайта дәрет алу мәкрух болады. Бiрақ ғұсыл алу кезінде дәретi бұзылса, қайта дәрет алу керек.

Ғұсылдың сүннеттерi

1) Алдымен қолды жуу.

2) Әурет жерлерді жуу.

3) Дененi нәжістен тазалау. 

4) Ғұсылдан бұрын дәрет алу, бетті жуып жатқанда ғұсылға ниет ету. (Шафии мен малики мазһабтарында ниет парыз).

5) Барлық дененi үш рет жуу.

6) Барлық дененi жуған соң екi аяқты жуу.