Untitled Document

Ғибрат... Төртінші қыз

Исмаил есімді бір салих кісінің үш қызы бар еді. Әйелі тағы аяғы ауыр еді. Уақыты келіп әйелі жүзі нұрға толы тағы бір қызды дүниеге әкелді. Атын Рабия деп қойды (төртінші деген мағынаны білдіреді). Исмаил өте кедей болғандықтан Рабия туған түні үйде қажеттіліктерден ешнәрсе жоқ еді. Осы себепті әйелінің көңілі түсіңкі болатын. Күйеуіне: «Көршінің үйіне барып қарызға майшам сұрап әкеле аласызба?!» деді. Исмаил ешкімге қол жаймаймын, Аллаһу та’аладан басқа ешкімнен ешнәрсе сұрамаймын деп өз-өзіне сөз берген болатын. Исмаил әйелін ренжітпеу үшін көршінің есігінің алдында аздап тұрып қайтып келіп әйеліне «қатты ұйықтап жатқан болса керек, есіктерін ашпады» деді. Әйелі одан сайын мұңая түсті. Көздерінен жастар тамшылады. Исмаилды да қатты мұң басып жатып, көзі ілініп кетті, түсінде пайғамбарымыз алейһиисаламды көрді. Пайғамбарымыз «Мұңайма! Бұл қызыңның мерейі өте үстем болады, үмбетімнен 70 000 адамға шапағат етеді. Ертең бір қағазға: «Сен әр түні пайғамбарымызға 100 салауат, ал жұма түндері 400 салауат оқитын едің. Өткен түні мұны ұмытып кеттің. Мұның кәфараты ретінде осы хатты саған әкелген адамға 400 алтын халал ақшаңнан бер» деп жазып бұл хатты Басраның әкімі Иса Заданға апарып бер» деді. Исмаил пайғамбарымызды көру қуанышынан жылап оянды.

Пайғамбарымыздың айтқанындай жазып хатты Иса Заданға апарып берді. Әкім хатты оқығанда пайғамбарымыздың оған үндеуінің шүкірі ретінде кедейлерге мыңдаған алтын садақа берді. Исмаилға хатта жазылған мөлшерімен қоса көптеген алтын садақа беріп қажеттілік туындаса тағыда келуін өтінді. Осылайша бұл отбасы молшылыққа кенеліп қыздарына жақсы тәлім-тәрбие беріп жетілдірді. Міне осы қыз бой жетіп бүкіл мұсылмандар білетін әулие әйелдерден Рабия Адуия болды.