Сұхбат... Қыз перзенті – үлкен ниғмет
Құран кәрімде «Аллаһ қалағанына қыз, қалағанына ұл бала береді. Біреулерге әрі ұл, әрі қыз бала береді, ал қалағанын тумайтын қылады. Барлық нәрсені хаққымен білетін және бүкіл нәрсеге күші жететін тек қана Аллаһ» делінген. (Шура 49, 50). Сүйікті пайғамбарымыз «Қыз балаларды қор қылмаңдар!» деген. Қор қылу дінді білмеуден туындайды. Қайырлы перзент сұрау керек. Қайырлы болмаса, қыз немесе ұл болуының не айырмашылығы бар? Дінімізде әйелдің және қыз баланың қадірі жоғары. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Қыз баланы жақсылап тәрбиелеп, Аллаһу та’ала берген ниғметтермен молшылықта жегізіп киіндірсе, бұл қыз оған берекет болады, тозақтан құтылып жәннатқа оңай кіруіне себеп болады». (Табарани).
«Үш қызына қажеттіліктен құтылғанға дейін жақсы қараған, ішіп-жегізіп, киіндірген адам әлбетте жәннатқа қолжеткізеді». (Әбу Дауд).
«Үш қыз немесе қыз бауырларының күнкөріс немесе басқа да қиыншылықтарына шыдаған адамды Аллаһу та’ала жәннатқа кіргізеді». Асхаби кирамнан бір кісі «Екі қызы болса да солай ма?» деп сұрағанда пайғамбарымыз «Иә, екі қыз болса да солай» деді. Басқа бір кісі «Ал бір қыз болса ше?» деп сұрады. Жауап ретінде: «Бір қыз болса да солай» деді. (Хаким, Хараити).
«Егер бір адамның қыз балалары болып, олардың қиыншылықтарына шыдап, жақсылап өсірсе және теңіне үйлендірсе, бұл қыздары ол үшін тозаққа перде болады». (Тирмизи).
«Алғашқы баланың қыз болуы әйелдің берекетінен». (Ибн Асакир).
«Үш қыз баласын тәрбиелеп тұрмысқа берген және оларға жылы шырай танытқан адам жәннатқа кіреді». (Бұхари).
Көрініп тұрғанындай, қыз және әйелге қадір бермейтіндер мұсылмандықты білмейтін адамдар. Мұсылманның дінін жақсылап үйреніп, әйелдерді лайықты түрде қадірлеуі керек!