Сұхбат... Дінімізде нәсіл бөлушілік жоқ
Ислам – қай ұлт, қандай нәсіл, қай елден болмасын барлық мұсылмандардың бір-бірінің бауыры екендігін айтады. Аллаһтың құзырында адами тұрғыда барлық адамдар тарақтың тістеріндей тең дәрежеде. Намазға тұрғанда шені жоғары болғаны да, шені кішісі де, байы да, кедейі де, ағы да, қарасы да бәрі бір қатарда тұрады және Аллаһу та’алаға бірге сәжде етеді. Дінімізде ешбір ұлттың үстемдігі жоқ. Мұсылман қара нәсілді кедей қызметші, ақ нәсілді кәпір корольдан үстем. Кәпір кароль мәңгі тозақта, ал мұсылман қызметші болса мәңгі жәннатта болады. Ешкім ата-анасын таңдамайтыны секілді, ұлтын да таңдамайды. Бірақ ата-бабаларының қызметтері, ерліктеріне байланысты ұлтын жақсы көруі, ұлтжанды болу күнә емес.
Құран кәрімде: «Мүминдер бір-бірінің бауырлары» делінген. (Хужурат 10).
Хадис шәрифте былай делінеді: «Раббың бір болғанындай, әкелерің, діндерің және пайғамбарларың да бір. Арабтың араб еместен, араб еместің арабтан үстемдігі болмағанындай, қызылдың қарадан, қараның қызылдан үстемдігі жоқ. Ешбір ұлттың басқаларынан үстемдігі жоқ. Үстемдік тек қана тақуалықта». (Ибн Нәжжар).
(Тақуалық – Аллаһу та’алаға сеніп, Оның әмірлерін орындау, тыйым салғандарынан сақтану. Қысқасы харамдардан тыйылу дегенді білдіреді).