Сұхбат... Көңіл бөлінбей жүрген (ұмытылған) парыздар
Бүгінде немқұрайлы қаралып, орындалмай жүрген парыздардың біршамасы мыналар:
- Парыздарды және харамдарды үйрену. (Бұларды білмейтін адам үнемі күнә істейді).
- Дұрыс сенімде болу (әһли сүннет сенімін үйрену).
- Аллаһтың достарын дос, дұшпандарын дұшпан деп білу.
- Намаз оқу және зекет, ұшыр беру.
- Әйелдердің орануы.
- Сәлем берген адамның сәлемін алу.
- Түшкіріп «Әлхамдулилләһ» деген адамға «Ярхамукаллаһ» деу.
- Халал табыс табу. Адалдан ішіп-жеу.
- Ризыққа Аллаһтың кепіл екеніне сену.
- Тәуәккүл және қанағат ету.
- Аллаһу та’алаға берген ниғметтері үшін шүкір ету, яғни оларды дінге сай қолдану.
- Хақ та’аладан келген қиыншылыққа, бәлеге сабыр ету, яғни қарсы шықпау.
- Күнәларға тәубе ету.
- Әке-шешеге жақсылық жасау.
- Әмри маруф жасау (яғни адамдарға діннің әмірлерін үйрету).
- Күнәлардан сақтану, ғибадат ету.
- Әлемге ғибрат көзімен қарау.
- Тілін жаман сөздерден сақтау.
- Ешкімді мазақ етпеу.
- Харамға қарамау.
- Құлақты сазды аспаптардан қорғау.