Ғалымдар... Хазреті Әли
Аллаһтың арыстаны әрі Аллаһ Елшісінің күйеу баласы. Халифалығы кезінде пайда болған бүлікшілермен күрес жүргізгендіктен, тыныштық пен бейбіт өмір сүре алмады. Билік жүргізуде Хазреті Омардың жолын ұстанды. Әр істің сенімділік пен туралық шеңберінде атқарылуына тырысып, халыққа мейірімділік танытатын. Барлық жерде әскери орталықтар құрған еді.
Ол жайында бірнеше аят түскен, көптеген хадис-шарифтермен мақталған.
Әһли сүннеттің көзінің қарашығы, әулиелердің басшысы, кереметтер қайнары.
Әділдік, ілім, жомарттық, мейірім және басқа да жоғары қасиеттер оның бойында тоғысқан. Пайғамбарымыз (алейһиссалам) хазреті Әлиге жомарттардың сұлтаны деген мағынада «Сұлтан-ул-Әшия» деп атаған.
Бидай өңді, орта бойлы, ұзын мойынды, күлімдеген жүзді, үлкен қара көзді, кең кеуделі, ірі денелі және қою сақалды сырт келбетке ие болған хазреті Әли – ілім мен амал жағынан ең жоғары дәрежеде еді. Аллаһтан қатты қорыққандықтан үнемі жылайтын. Намазға тұрған кезде, дүние астан-кестен болса да, ол оны байқамайтын.
Хазреті Әлидің хазреті Фатимадан Хасан, Хусейн және Мұхсин есімді үш ұлы, Зейнеп пен Үммү Күлсім атты екі қызы болған. Хазреті Фатимадан кейін үйленген басқа жұбайларынан 15 ұл, 16 қыз дүниеге келген.
Хазреті Әли – сахабалардың арасындағы ең ұлы фиқһ ғалымдарының бірі еді. Шешімі табылмаған мәселелер оған тапсырылатын.
Тіпті хазреті Омар: «Егер Әли болмағанда, Омар құритын еді» деген.