Untitled Document

Сұхбат... Түнде оқылатын дұғалар

Төсекке жатқанда әузу-бисмиллаһ пен 1 рет Аятул курси, 3 рет Ықылас, 1 рет Фатиха, 1 реттен Фалақ және Нас оқылады. Сосын 3 рет «Әстағфируллаһалазим, әлләзи лә иләһә иллә Һу» деп оқылады. Үшіншісінде «Әл-хайял-қайума уә әтубу иләйһ» делінеді. Сосын 10 рет «Тәуәккәлту аләллаһ уә лә хаулә уәлә қууатә иллә биллаһ» делінеді. 10-шысына қосып, «...һил алиил азим әлләзи лә иләһә иллә Һу» дейді. Сосын «Аллаһуммағфирли уә ли уалидәйя уә лил-мумининә уәл муминат» және 1 рет салауат пен 1 рет «Аллаһумма раббана әтина фиддуня хасанатан уә фил ахирати хасанатан уә қина азабәннар би-рахматикә иа әрхамаррахимин» және 3, 10, 40 немесе 70 рет «Әстағфируллаһалазим» және 1 рет «Ла илаһә иллаллаһ Мухаммадун расулуллаһ» деп оқып ұйқыға жату керек.

Кім түнде «Ясин» сүресін оқыса, кешірілген болып оянады.

Түн сайын «Тәбәрәкә» және «Сәжде» және өлім аузында жатқанда «Ихлас» сүресін оқыса, қабір сұрағы сұралмайды.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Түнде «Бақара» сүресінің соңғы 2 аятын оқыған адамға бұл екі аят барлық нәрсе үшін жеткілікті болады».

Күндіз және түнде 100 рет «Субханаллаһи уә би-хамдиһи субханаллаһил-азим» деу керек. Өте сауапты.

Күнде таңертең бір рет «Аллаһумма мә асбаха би мин ниъматин әу би-ахадин мин халқикә, фәминкә уахдәкә лә шәрикә ләкә, фәләкәл хамду уә ләкәшшүкр» деу керек және күнде кешке «Мә асбаха» деген жерді «Мә әмсә» деп оқып, қалғанын сол қалпында оқу керек. Өйткені пайғамбарымыз: «Бұл дұғаны күндіз оқыған адам сол күннің шүкірін, ал түнде оқығанда сол түннің шүкірін орындаған болады» деген.