Сұхбат... Жастарды алдайтындар
Ислам дініне сенбейтіндер жастарды алдау үшін «Діндерді адамдар ойлап шығарған, алдымен тотем, сосын көп тәңір, ең соңынан тәңір түсінігі қалыптасқан. Діндер ғылымның, мәдениеттің дамуына кедергі болған» деп исламға жала жабады. Ғылым ақыл ілімдерін исламнан бөліп қарайды. Аллаһу та’ала және оның сипаттары, бұйрықтары, тыйымдары туралы өз ойлары бойынша пікір айтады. Алайда арифметика, геометрия, логика, табиғат ғылымдары, физика, химия, медицина сияқты ғылымдарды үйрену мубах. Бұл салалардың маманы болу пайдалы нәрсе. Иманды күшейту және ұлтты дамыту, тыныштық пен еркіндік үшін, жиһад үшін исламды тарату үшін бұлар керек. Бұлардың барлығы ислам ілімдері болып табылады. Мәдениет дегеніміз осылар. Бірақ бұларды исламға қарсы қате түсініктеріне құрал ету, жастарды алдау үшін қолдану бос философия болады.
Ғылымды адамдарға қызмет үшін үйрену пайдалы, сауапты іс. Адамдардың тынышын бұзу, адамдардың құқықтарын таптау, оларды езу, имандарын, мінездерін бұзу үшін үйрену харам болады. Ғылымхал кітаптарын оқып, исламның ақылдық және ғылыми ілімдерге мән беретінін түсінген зейінді адамдар мұндай өтіріктерге алданбайды. Дін ілімдері дүние мен ахиретте тыныштық пен бақытқа жеткізетін ілімдер болып табылады.