Денсаулық... Тамырдың кеңеюі
Әйелдердің ең үлкен проблемаларының бірі тамырдың кеңеюі жанға батып ауыруымен қатар, көрінісімен де адамдарды мазалайды. Аяқтардың шаршауы, ысуы, ауыруы, түсінің өзгеруі, балтырдың ісуі түрінде пайда болатын тамыр кеңеюі күн өте келе жыртылу, қанау және тамырдың қабынуы, ішкі тамырдың бітелуіне әкеп соғуы мүмкін. Ыстық температурада тамыр кеңеюі арта түседі. Бұл әйелдермен қоса еркектерде де кездеседі.
Тамырдың кеңеюіне себеп болатын жағдайлар:
Әрдайым аяғын салбыратып отыратындар, ұзақ уақыт тұрып тұратын адамдар, аяқ әрекетіне кедергі болатын тар киім мен шалбар киетіндер және биік өкшелі аяқ киім киетіндер.
Оны жеңу жолдары:
- Ұзақ уақыт қимылсыз тұрмаңыз және отырмаңыз.
- Аяқты денеңізден біраз жоғары көтеріп жатыңыз.
- Тұрақты түрде жаттығулар жасаңыз. (Ең жақсысы жаяу жүру).
- Семірмеңіз.
- Қысымды реттейтін шұлық киіңіз. Дене мен аяқты қысып тұратын тар киім кимеңіз.
- Тағамға тұзды аз қосыңыз.
- Аяқ жаттығуын жасаңыз.
- Ыстықтан алыс тұрыңыз.
- Отырғанда аяқтарыңызды айқастырып отырмаңыз.
- Күннің астында ұзақ болмаңыз.
Аяқтарыңызға күн сайын 15 секунттық суық душ алыңыз.