Untitled Document

Сұхбат... Гете – Ислам туралы

1995 жылы Веймар қаласында шейх Абдулқадыр әл-Мураби бастаған бір топ зерттеушілер ақынның көптеген шығармаларын зерттейді. Зерттеу нәтижесінде шейх әл-Мурабидің ақынды мұсылман деп танып, пәтуа шығару үшін дәлелдер жеткілікті жинақталған.

Енді Гетенің ислам туралы пікірлерінен мысал келтірелік:

Анау-мынау нәрсе туралы оңды-солды ой толғау – қандай ақымақтық. Егер Ислам Аллаһқа мойынсұну болса, біз бәріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз.

Бір Аллаһқа деген сенім әр уақытта рухыңды биік етеді, өйткені ол – адамның рухани тұтастығының өлшемі!

«Біз бүкіл адамзат баласына нұр шашқан киелі Құран түскен – Мұхаммед (алейһиссалам) пайғамбарға мәңглік қарыздармыз».

Аллаһтың тоқсан тоғыз сипатын айтып, мұсылмандардың таспих тартуының өзі өте ұлық ғибадат. Тәңірге тән барлық сипаттарды бір негізде еске алу оның құдіретінің аса шексіздігін білдіреді, сондықтан мұсылмандар Оның еркіне бағынып, тыныштық табады.

«Батыс-Шығыс Диуаны туралы ескертпелер мен очерктер».

 

«Ұйқыдағы жетеу» деген өлеңінде Гете Исаны екінші пайғамбар деп атаған. Иса – пәк, ол – бір Аллаһтың құлы, Оны Құдай дәрежесіне көтеру – Тәңірді мазақ ету. Аллаһтың бірлігін таныту арқылы бүкіл әлемге бас идірген Мұхаммед (алейһиссалам) әкелген шындық салтанат құрсын!

Диуан өлеңдерінің бірінен.