Сұхбат... Балалар жұмақта шапағат етеді
Балиғат жасына толмай қайтыс болған балалар ахиретте мұсылман ата-аналарына шапағат етеді. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Балаға «жұмаққа кір» делінеді. Ол ренжіп «Әкем мен анам болмаса кірмеймін» дейді».
«Балалар жұмақ есігінің алдына жиналады. Барлығы бірден айқайлап, ата-аналарын сұрайды. Айқайлары ата-аналары сол жерге барғанша және барлығы ата-анасының қолынан ұстап, жұмаққа кіргенге дейін жалғасады».
«Кішкене бала ата-анасын жұмаққа тартады. Қазір мен қалай сенің киіміңнен ұстап тартсам, бала да әкесінің киімінен солай ұстайды».
«Ей, әйелдер! Сендерден қай біріңнің уш нәрестесі қайтыс болып, өздерінен бұрын о дүниеге барса, ол балалары оған тозаққа қалқан болады».
Осы хадис шәриф айтылғанда бір адам пайғамбарымыздан сұрады:
- Йа, Расулуллаһ! Екі баласы өлсе де қалқан бола ма?
- Екі баласы өлсе де, қалқан болады.
- Бір баласы өлсе де қалқан бола ма?
- Аллаһу та’аланың атымен ант етемін, егер анасы сабыр етіп, сауабын Аллаһу та’аладан күтсе, бала анасын алып жұмаққа салады.
Алты нәрсе...
Хадис шәрифте пайғамбарымыз былай деді: «Алты нәрсе алты жерде обал болады:
1.Мешіт: намаз оқымайтын адамдардың арасында.
2.Мусхаф (Құран кітабы): оқылмайтын үйлерде.
3.Ғалым: оны тыңдамайтындар арасында.
4.Мұсылман салих ер кісі: жаман әйелдің қолында.
5.Мұсылман салиха әйел кісі: жаман күйеудің қолында.
6.Құран кәрім: әмірін орындамайтын қарилердің жадында».