Айт сұхбаты... Құрбандық шалудың маңыздылығы
Сұрақ: Құрбандық шалудың маңыздылығы қандай?
Жауап: «Құрбандық нисабы» деп аталатын мөлшерден артық ақшасы, мал-мүлкі бар адамның құрбандық шалуы уәжіп (міндетті) болады. Ешқандай үзірсіз құрбандық шалмау күнә болады. Құрбандық шалуы уәжіп (мойнына міндет) бола тұрып құрбандық соймаған адамдардың үйі иелеріне ыңылдап қарғыс етеді, «құрбандық соймағаның секілді Аллаһу та’ала саған жақсылық жасауды да нәсіп етпесін!» дейді. Ол үй сол жылы бәлелерге душар болады. Ал құрбандық сойған адамдардың үйі разы болады, иелеріне игі дұға етеді. Сондықтан құрбандық шалуды ниғмет деп білу керек! Құрбандық шалған мұсылман өзін тозақтан азат еткен болады.
Хадис шәрифтерде былай айтылған:
«Сараңдардың ең жаманы – (мойнына уәжіп болса да) құрбандық шалмаған адам». (С. Әбәдия).
«Жағдайы, уақыты бола тұрып құрбандық шалмған адам намаз оқыған жерімізге келмесін!» (Хаким).
www.islamdini.kz сайтының «Құрбандық» бөлімінде толығырақ мәлімет таба аласыз!
Айт күндерінде не істеу керек?
Айт күні ерте тұру, ғұсыл алу, мисуак қолдану, хош иіс себу, жаңа және таза киім кию, адамдарға қуанышты екенін көрсету сүннет болып табылады. Мешітке ерте бару, мешітке бара жатқанда тәкбір айту, қабірді зиярат ету, көп дұға оқу, тәубе ету, жүзік тағу, кездескен мұсылмандарына жылы жүзбен сәлем беру, құттықтасу, кедейлерге садақа беру, исламға дұрыс қызмет етіп жүргендерге көмек беру, араздасқандарды татуластыру, туыстарға бару, діндес бауырларына бару, оларға сыйлық апару, қонақ күту сүннет болады. Айт түндерін ғибадатпен өткізген адам үлкен бақытқа кенеледі. Хадис шәрифте айтылғанындай: «Айт түндерін ғибадатпен өткізген адамның көңілі көңілдер өлетін күнде өлмейді». (Табарани).