Untitled Document

Сұхбат... Намазды бұзатын нәрселер

1. Үзiрсiз жөтелу немесе қақыру.

2. Намаз оқып жатқан кiсiнiң басқа бiреу түшкiргенде «Ярхамукаллаһ» деп айтуы. 

3. Намазын жеке оқып жатқан кiсi жанындағы жамағатта имамның жаңылғанын байқап, ескертсе немесе жөндесе өзінің намазы бұзылады. Егер имам да бұл кiсiнiң жөндегенiне еріп жөндеп оқыса, имамның да намазы бұзылады.

4. Намаздың iшiнде «Ла илаһә иллаллаһ» десе, бiрақ мақсаты жауап болса намазы бұзылады. Егер мақсаты бiлдiру болса намазы бұзылмайды.

5. Әурет жерiнiң ашылуы.

6. Ауру немесе басқа бiр дерт себебiмен жылау. (Жәннат немесе тозақ есiне түсiп, соны ойлап жыласа бұзылмайды).

7. Қолымен және тiлiмен сәлем алу.

8. Қаза намаздарының саны бестен аз болып, намазда тұрғанда есiне түссе. 

9. Намазда тұрғанда бiр iс-әрекет жасаса, оны сыртынан көрген адам намаз оқып жатқан жоқ деп ойласа намазы бұзылады.

10. Намазда тұрғанда бiр нәрсе жеу немесе iшу. 

11. Намазда тұрғанда сөйлеу. 

12. Имамнан басқасының қатесiн жөндеу.

13. Намазда тұрғанда күлу.

14. Намазда тұрғанда ыңылдау.