Untitled Document

Сұхбат ... Зүл-хиджа айының ізгілігі

Құрбан айт мерекеленетін ай «Зүл-хиджа» деп аталады. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Аллаһтың алдында зүл-хиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттан асатын ізгілік жоқ. Бұл күндері тәсбихті (Субханаллаһ), тахмидті (әлхамдулиллаһ), таһлилді (лә илаһа иллаллаһ) және тәкбірді (Аллаһу әкбар) көп айтыңдар!»

«Аллаһу та’ала ғибадаттардың ішінде зүл-хиджаның алғашқы он күнінде жасалғандарын жақсы көреді. Бұл күндері тұтылған бір күн оразаға бір жылдық нәпіл оразаның сауабы жазылады. Түндерінде оқылған намаз қадір түнінде оқылған намазбен тең. Бұл күндері тәсбих, тахмид, тәһлил және тәкбірді көп оқыңдар».

«Зүл-хиджаның алғашқы күндерінде тұтылған ораза бір жыл ораза тұтумен, бір түнін ғибадатпен өткізу қадір түнін ғибадатпен өткізумен тең».

«Зүл-хиджа айының алғашқы 10 түнінде жасалған әрбір ғибадатқа 700 есе артық сауап жазылады».

«Бұл күндердің  әрқайсысы 1000 күнге, арапа болса 10000 күнге тең».

«Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде  ораза тұтқан адам әр күні үшін адал мал-мүлкінен 100 құл азат еткен немесе Аллаһ жолындағы мүжаһидтерге 100 жылқы берген немесе қағбаға құрбандыққа шалуға 100 түйе жіберген адамның сауабын алады».

«Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде ораза тұтқан адамға Аллаһу Та’ала  әр күні үшін бір жылдық оразаның сауабын береді».

Хазреті Әбуддәрда былай дейді: «Зүл-хиджа айының алғашқы 9 күнінде ораза тұту, көп садақа беру және көп дұға оқу керек. Өйткені Мұхаммед алейһиссалам «Бұл 10 күннің қайырымы мен берекесінен құр қалған адамға қандай обал»  деген.  Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде ораза тұтқан  адамның өмірі берекелі болады, мал-мүлкі көбейеді, бала-шағасы бәле-жаладан аман болады. Күнәлары кешіріледі, жасаған жақсылықтарына еселеп сауап жазылады, оңай жан тапсырады, қабірі жарық болады, мизанда сауабы ауыр басып, жұмақта жоғары дәрежеге қол жеткізеді».