Untitled Document

Әңгіме... Ағайын...

Бір өте бақуатты қария дүниеден өтіп бара жатып құдайдан «Құдай маған кішкене өмір берші» деп жалынып сұрапты. Сонда Құдіреті күшті Аллаһу та'ала әлгі қарияға: - Пендем қанша өмір сұрайсың? – десе, әлгі қарт: - Ағаштың жапырақтарымен тең өмір – депті, сонда Құдай: - Адамға берілген өмірдің өзі жетпейді жапыраққа – депті. - Онда қанша бұтақ бар, соншама – десе, - Ол да жарамайды, тым көп, - депті Аллаһу та'ала, сонда әлгі қария: - Онда қанша өмір бере аласыз? – деп сұраған көрінеді, сөйтсе: - Өмірде қанша досың бар, соншама өмір беремін – депті Құдай. Сонда қария көзіне жас алып о дүниеге жүріп кетіпті. Өйткені ол өмірін дос жинаумен емес, дүние жинаумен өткізген екен еді.

Төле бидің айтқаны

«Жылқыдан жылқының артықшылығы етінде де емес, жүзден жүйрік-мыңнан тұлпарлығында да емес, түбінде біз оны жейміз. Сондықтан бір-ақ асым еті артық.

Ал қатыннан қатынның артықшылығы сұлулығында емес, тұла бойында да емес. Сұлу болсын болмасын, əр қатынның өзіне жарасымды қылығы болады. Сондықтан қылығы артық.

Ал жігіттен жігіттің артықшылығы, ол мыңды басқарған батыр болсын, қол басқарған қолбасшы болсын, ел басқарған хан болсын, артықшылығы онда емес. Ер жігіттің артықшылығы бір-ақ ауыз сөзінде, егер сол сөзінде тұра білсе» – деген екен...