Күннің тарихы... Әйюб Сұлтан хазрет
Сахабалардың үлкендерінен болған. Пайғамбарымызды Мекке Мукаррамадан Мадина Мунаууараға хижрет еткен кезінде үйіне қонақ еткен. Есімі Халид бин Зайд, лақабы Әбу Әйюб. Пайғамбарымыз Меккеден Мадинаға хижрет етпестен бұрын пайғамбарлығының білінуінің 11 жылы мұсылман болды. Екінші Ақаба байатына қатысып, пайғамбарымыздың сұхбатына кенелді. Осылай сахаба және ансар қатарына қосылды.
Халид бин Зайд Әбу Әйюби Ансари (радиаллаһу анһ) Бәдр, Ухуд, Худәйбия және басқа да бүкіл соғыстарда Расулуллаһтың жанында болды және дұғаларына қауышты. Бірнеше соғыстарда туды алып жүру беделіне ие болды. Осы себепті оған Расулуллаһтың ту көтерушісі деген ат қойылды. Халид бин Зайд 150 хадис шәриф хабар берді. Әбу Әйюб Ансари (радиаллаһу анһ) хазреті Муауияның 670 жылы Стамбулды жаулауға шықан жорығына қатысты. Соғыс кезінде дизентерия ауруына шалдықты. Ажалының жақындағанын сезіп, пайғамбарымыздың «Константиния қорғанының жанында бір салих кісі жерленеді» хадис шәрифін риуаят етіп, «Егер осы жерде қайтыс болсам, жаназамды дереу жерлемеңдер. Әскерлердің бара алатын жерінің ең ілгері жеріне дейін барып, мені сонда жерлеңдер» деп өсиет етті. Ол күні мұсылмандар соғысып шайқасып, қорғанға ең жақындай алған жерлеріне барып, Расулуллаһтың берекелі сахабасын жерледі.
Арада 8 ғасыр уақыт өтіп хазреті Халид бин Зайдтың (радиаллаһу анһ) қабірі ұмытылып жоғалып кеткенімен, Ақшамседдин хазреттің кереметімен қабірі табылды. Бұдан кейін Фатих Сұлтан Мехмет хан Әбу Әйюб Ансари хазретінің қабірінің үстіне кесене, қасына мешіт салдырды. Бұл мешіт Константнополь жеңісінен кейін 1458 жылы османдықтар тарапынан Стамбулда салынған алғашқы Салатин (сұлтандар) мешіті болып табылады. 1756 жылғы зілзаладан кейін 1798 жылы орнына бүгінгі ғимарат салынды.