Күннің тарихы... Фатих Сұлтан Мехмед хан
Фатих Сұлтан Мехмет хан өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген әмірші болған.
Грек, латын, италиян, француз, араб, парсы және ибрани тілдерін өте жақсы білген. Еуропаның ілімін және техникасын мұқият қадағалап отырған. Жақсы тәлім алып, сол дәуірдегі бүкіл ілімдерді жақсы меңгерген. Астрономия, математика, әскерлік, тарих, география ілімдерін өте жақсы білген. Кәлам және математика саласында сол дәуірдің ең беделділерінен болған. Ауни деген атымен өлеңдер де жазған Фатих 3 мамыр 1481 жылы қайтыс болды.
Фатих Сұлтан Мехмед хан Стамбулдың жеңісін 6 сәуір – 29 мамыр аралығында 53 күнге созылған шайқастан кейін жүзеге асырды.
Фатих Сұлтан Мехмед хан Стамбулды соғыспенен алса да византиялықтармен келісімшартқа отырды. Бұл келісімшарттың бір бабында кейбір шіркеулердің мешітке айналдырылуы туралы жазылған.
Дінімізде христиандардың ризашылығы болмай шіркеулерін мешітке айналдыру дұрыс емес. Сондықтан да хазреті Омар басып алған жерлеріндегі шіркеулерге тимейтін, бірақ одан да көп етіп мешіт салдыратын. Осыған байланысты Фатих Сұлтан Мехмед хан да жасалған келісімшартқа осы бабтың жазылуын қалады. Христиандар бұл ұсынысқа қарсы османдықтар басатын ақшаларына Стамбулдың сол кездегі аты жазылуын талап етті. Бұл талаптары қабылданды. Соңғы күндерге дейін басылған алтын және басқа да ақшалардың бетіне «Дуриба фи Константиния» яғни «Константинопольде басылған» деген жазу тұратын. Бұл келісімшарт бойынша мешітке айналған шіркеулердің бірі Аясофия шіркеуі, Аясофия мешіті болып өзгерді.