Untitled Document

Сұхбат... Тамақтану әдебі (2)

Тамақтанудың харамдары:

• Тойғаннан кейін жеу (қонақ бар болса немесе сәре тамағында харам болмайды).

• Дастарханда харам нәрселер (ішімдік, сазды аспаптар) болуы.

• Денсаулыққа зиянды нәрселерді жеу.

• Өз атаған (нәзір еткен) мал етін жеу.

• Тамақта ысырап ету.

• Харам нәрсе жегенде бисмиллаһ айту.

• Қонаққа шақырылмай бару.

• Біреудің мүлкінен рұқсатсыз жеу.

• Зиянды нәрселерді жеу.

 

Басқа да маңызды жайттар:

• Түрегеп тұрып жемеу.

• Қолды үсті-басына сүртпеу.

• Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды жауып жанына қарай бұрылу.

• Қонақта шақырмай тұрып дастарханға отырмау.

• Аш кезде де ақырын жеу.

• Тамақтану барысында қорқынышты және жиіркенішті нәрселерді айтпау.

• Ауыздағын жұтпай тұрып басқа үзім алмау.

• Үй иесіне береке және рахмет тілеп дұға ету.

• Ауызда, қолда ет және тамақ иісі бар күйде жатпау.

• Балалардың да қолын жудыру.

• Тоқ күйде жатпау.

• Тағамдардың, сусындардың бетін жабық ұстау.

• Суды стаканға құйып ішу.

• Қажеттіліксіз пасықтармен бірге ішіп-жемеу.