Сұхбат... Тамақтану әдебі (1)
Тамақтанудың парыздары:
• Азықтардың халал болуы.
• Аллаһу та’алаға құлшылық жасау үшін күш жинауға деп ниет ету.
• Өлмейтіндей мөлшерде жеу.
• Тағамның дәмін Аллаһтан деп білу.
• Тоюды Аллаһтан деп білу.
• Ол тағамның қуаты біткенге дейін Аллаһу та’алаға құлшылық ету.
• Қолда барға қанағат ету.
Тамақтанудың сүннеттері:
• Бисмиллаһ айтып бастау.
• Тамақтың соңында әлхамдулиллаһ деу.
• Тамақтан алдын және кейін қол жуу.
• Оң қолмен ішіп-жеу.
• Табақтың шетінен, өз алдынан жеу.
• Тамақты тұзбен бастау және аяқтау.
• Тамақтан кейін тіс тазалау.
Тамақтанудың мүстаһабтары:
• Нанды екі қолмен бөлу.
• Дастарханда көк шөптер және сірке суы болуы.
• Үзімдер, жұтымдар кішкентай болуы.
• Жақсылап шайнамай тұрып жұтпау.
Тамақтанудың мәкрухтары:
• Сол қолмен ішіп-жеу.
• Бисмиллаһ айтпау.
• Тамақтану барысында мүлдем сөйлемей отыру.
• Қолды, пышақты жемейтін болса нанға сүрту.
• Көгерген, иістенген нан немесе тамақ жеу.
(Жалғасы ертең...)