Untitled Document

Жалғасы... Чернобыль апаты (2)

1986 жылғы апаттан кейін де Чернобыльдегі атом-электр стансасы жұмысын тоқтатқан жоқ. Сол жылы стансаның 1-ші және 2-ші блоктары жұмыс істеп тұрды. 1987 жылы 3-ші блок іске қосылды.Тек 4-ші блокты толық бекітуге күш салды.

1991 жылы 2-ші блокта өрт болып, сөндірілген. 1996 жылдан бастап 3-ші блок қана жұмыс істеп тұрды.

2000 жылы 5-ші маусымда Украина президенті Леонид Кучма Чернобыль Атом Электр Стансасының ресми жабылғанын жариялады. Алайда тоқтатылған реакторлар мен ядролық отындарды бір жайлы ету үшін өте үлкен қаржы мен күш керек екені белгілі.

Мұнда әлі балаларын таза аймаққа жіберіп, өздері кетпей қалған қарттар тұрады. Олардың өз өмірі мен шаруашылықтары да бар.

 

Семей полигонындағы 456 жарылыс – Чернобыльдегідей 119 апатқа тең

Ядролық радиацияның зардабын басынан өткізген және әлі де өткізіп келе жатқан қазақ халқы чернобыльдіктерді жақсы түсінді.

Әлемдегі ең үлкен атом бомбасын сынаған, ядролық сынақ алаңы болған Семейде 456 рет жарылыс болды. Оның қуаты Чернобыльдегідей 119 апатпен тең. Алайда адам өмірі мен қоршаған ортаға тигізген зияны туралы әлемдік қауымдастық әлі ештеңе білмейді.