Күннің тарихы... Чернобыль апаты (1)
Бүгін адамзат тарихындағы ең сұмдық техногендік апаттардың бірі – Чернобыль апаты орын алды. Сондағы атом электр станциясында жарылыс алған кезде Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен мыңдаған адам апаттың зардабын жоюға аттанған. Олардың арасында 1000-ға жуық қазақстандықтар да болды.
Үш эшалон жеке-жеке Астанадан, Аршалыдан (бұрынғы Вишневка), Бабатай (Астанадан 20 шақырым) ауылынан жөнетілген және Оңтүстік Қазақстан өңірінен де аттанды.
Чернобыль апаты — Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында болған апат. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды.
Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.
26 сәуірдегі апатты тек екі күннен кейін ғана «Правда» газеті қатардағы жағдай ретінде көрсетіп, екі-ақ адамның өлгенін жазған-ды. Шын мәнінде бірінші күні-ақ мыңдаған адам қаза болған.
Апат ошағы Киевтен 157 шақырым қашықтықта еді. Соған қарамастан мұнда 1 мамыр мерекесі де аталып өтіпті. Тек келесі күннен бастап апатты аймақтан халықты көшіруді бастаған. Алайда алдын-ала дайындықтың жоқтығынан, психологиялық көмек көрсетілмегендіктен апатты аймақтарды қамтыған Киевтен миллионнан астам тұрғын өз беттерімен қашып, көшкен.
Жалғасы ертең...