Кәсіпкерлік... Сүйіспеншілік пен сенім
Дін және дүние істерінде жетістікке жету үшін дұрыстықтан, адалдықтан мүлдем ажырамау керек. Өтірік, өсек, қателік немесе зиянда табандылық көрсеткен жағдайда ешбір жұмыста жетістік келмейді. Жетістікке жету үшін тағы бір маңызды шарт – өзара сүйіспеншілік пен сенім. Дін бауырымызды, досымызды, әріптесімізді, бастығымызды, ұстазымызды біз жақсы көрсек, олар да бізді жақсы көреді. Біз оларға сенсек, олар да бізге сенім артады. Олармен өзара құрмет, мейірім мен сенімді қамтамасыз ететін түрде қарым-қатынас жасау керек. Қарым-қатынас осы негізде жалғасатын болса, сүйіспеншілік пен сенім өздігінен пайда болады. Әйтпесе қинау, айқай-шу арқылы сүйіспеншілік пен сенімді орта қалыптаспайды.
Жұмыстағы адам бастығына, әріптестеріне сенбесе және өзі сенім артатын адам бола алмаса, ешкім оған жәрдемші бола алмайды. Жалғыз өзі қалады. Демек өзара сүйіспеншілік пен сенім бірліктің және жетістіктің шарты.
Механикалық сағаттың ішінде біршама кішкентай доңғалақтар болады. Олардың бәрі бір-біріне толығымен үйлесіп жұмыс істейді. Егер арасында бірі сынып айналмай қалатын болса, біреуі шығып кетсе, ол сағат тоқтап қалады. Әсіресе бірге болған кездерімізде жасаған жұмысымызда жетістікке жету үшін сағаттың ішіндегі доңғалақтар сияқты үйлесімді болу, бірдей мақсатта жұмыс істеуіміз қажет.
Бос отырған адамды Аллаһу та'ала жақсы көрмейді. Өз жұмысымыз бар болса да, өзгенің жұмысын істеп жатсақ та, бос уақытымыз қалса, бұл жұмысқа қалай пайдалы бола аламын деп ойлану керек. Міндетті түрде пайдалы істермен шұғылдану керек, өзімізді сол жұмысқа пайдалырақ болатындай түрде жетілдіруге тырысу керек. Тағы бос уақытымыз қалса, әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу керек, бос отырмауға тырысу қажет.