Untitled Document

Ғибрат... Сәлемдесу

Сәлем берген кезде мағынасын ойлап, түсініп беру керек. Сондай-ақ Аллаһтың сәлемін қысқартпаған жөн. Бір күні сүйікті пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әйелі хазреті Айша анамыз пайғамбарымыздың қасында отырғанында, бір яһуди кіріп, «Ассаламу алейкум» деп айтудың орнына «Әссәм алейкум» яғни «Сендерге өлім тілеймін» дейді. Біраздан соң басқа бір яһуди кіріп, ол да сәлемнің орнына «Әссәм алейкум» дейді. Мұның кездейсоқ еместігі белгілі еді. Сүйікті пайғамбарымызды ренжіту мақсатымен жасалған жоспар болатын. Бұл жағдайға шыдай алмаған хазреті Айша анамыз қатты ашуланып:

- Иншаллаһ өлім сендерге болсын!, - деп айғайлады. Расулуллаһ алейһиссалам:

- Ей Айша, балағат сөз айтпа. Балағат сөздер жүзеге асатын болса ең жаман күйде көрініс табады. Жұмсақтық пен сабырлылық ненің үстіне тағылатын болса, сол нәрсені әсемдей, көркемдей түседі. Бұл әшекейлер ненің үстінен алынатын болса, сол нәрселердің әсемдігін азайтады. Не үшін ашуландың?- дейді. Хазреті Айша анамыз:

- Көрмедіңіз бе, Йа Расулаллаһ. Бұлардың әдепсіздік жасап, ұялмастан сәлемнің орнына не дегенін?-дейді. Пайғамбарымыз:

- Иә, көріп тұрмын. Ол екі яһудиге қарап «Уә алейкум» яғни «Сендерге де соны тілеймін» деп жауап бердім. Осының өзі жеткілікті,- дейді. 

Арадан көп ұзамай, сол екі яһуди шөлде кетіп бара жатып жолдарынан адасып, сусыздықтан өледі.

«Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа бәракатуһ».

Сіздерге Аллаһтың сәлемі, рахметі (мейірімі) және берекеті жаусын!