Сұхбат... Әке-шеше ақысы
Әке-шешеге жақсылық жасау, оларды зияннан және қиыншылықтан қорғау парыз болып табылады. Бір адам анасына және әкесіне құрметпен, мейіріммен қараса, Аллаһу та’ала да оған рахмет назарымен қарайды. Әке-шешесін разы еткен адамға жәннаттан екі есік ашылады.
Көп адам әке-шешесінің ақысын өтеуге уақыт таба алмайды. Оларға қарсы шыққан баланың залым қарақшыдан айырмашылығы жоқ. Бала өскеннен кейін әке-шешесін ренжітуі, жәбірлеуі Аллаһу та’аланың ашуына себеп болады. Әке-шешенің және ұстазының күнә болатын әмірлерін орындау керек емес. Бірақ ешқашан, ешқандай себеппен әке-шешеге қатты, жоғары дауыспен сөйлеу, қатаң мәміледе болу рұқсат емес. Әке-шешесі күнә істейтін адам оларға бір рет насихат айтады, қабыл етпесе үндемейді. Оларға дұға етіп, истиғфар айтып кешірім тілейді.
Әке-шешеден келетін қиындықтарға сабыр ету керек. Әке-шешеге, қайын ата-енесіне құрмет және қызмет бірінші міндеті болу керек. Әке-шешені және жақын туыстарға қонаққа бару, жағдай сұрасып хабар алу уәжіп болып табылады. Тәрк ету күнә болады. Оларға қонаққа барып, телефон шалып, хат жазып көңілдерін аулау керек, олардан көмегін аямау керек. Бұлардың реті былай болады: Ана, әке, бала, ата, әже, аға-іні, әпке қарындастар, әке-шешенің аға-інісі, әпке-қарындастары. Олардан кейін олардың балалары, кейін неке арқылы туыстар, ең соңы көршілері.
Қайтыс болғандарға дұға етіп Аллаһтан кешірім тілеу керек, жақсылық жасап сауаптарын рухтарына бағыштау керек.