Сұхбат... Адамдарға жақсылық жасау
Мұхаммед Масум хазрет былай дейді:
Өмір қысқа. Шексіз, мәңгі жалғасатын ахирет өмірінде адамды күтетін нәрсе, осы дүниеде қалай өмір сүргеніне байланысты. Ақылды адам қысқа болған бұл өмірде үнемі ахиреттің бақытына қауыштыратын нәрселермен шұғылданады. Адамдарға қызмет ету үшін еңбектенеді. Адамдарға жақсылық жасау ахиретте азаптан құтылуға және жәннат ниғметтерінің көбеюіне себеп болады.
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Барлық жақсылық садақа болып саналады». (Тирмизи)
«Кімде кім бір мұсылман бауырының қиыншылғын кетіріп оны қуантса, Аллаһу та’ала қияметтің ең қиын сәттерінде оны қиындықтардан құтқарады». (Бұхари).
«Адамдардың жақсысы адамдарға жақсылық жасайтын адам». (Тирмизи).
«Мұсылман мұсылманның бауыры. Оны ренжітпейді. Кімде кім бір мұсылманның айыбын (кемшілігін) жасыратын болса, Аллаһу та’ала ахиретте оның (кемшілік) және айыптарын перделейді». (Бұхари).
«Кейбір адамдар басқалардың мұқтаждығын кетіру, оларға көмекші болу үшін жаратылған. Мұқтаж адамдар оларға келеді. Оларға ахиретте азап қорқынышы жоқ». (Табарани).
«Дін бауырының бір жұмысын істеуге барған адамның басқан әр қадамында 70 күнәсы кешіріледі және 70 сауап беріледі. Ол іс біткенге дейін осылай жалғасады. Ісі жасалып біткенде бүкіл күнәлары кешіріледі. Ол іс барысында ажал құшса сұрақсыз жәннатқа кіреді». (Ибн Әбиддуния).
«Дұғам қабыл болсын, қиыншылығым кетсін деген адам, таршылықта қалған кісіге көмектессін!» (Ибн Әбиддуния).