Сұхбат... Әркім өзі таңдаған жолдың жемісіне жетеді
Адамдардың бүкіл істерін, қалап немесе қаламай жасаған барлық іс-әрекеттерін Аллаһу та'ала жаратуда. Құлдарының қалап жасаған әрекеттерін, істерін жарату үшін оларға таңдау еркіндігін берген. Бұл таңдау мен қалауларын олардың істерін жаратуға себепші қылған. Құлдарының қалаған істерін, олардың сол істерді таңдап, қалағандары себепті жаратуда.
Адам ақылын қолданып Жаратқанын таниды, Оған иман етеді, әмірлерін орындап тыйымдарынан сақтанады, таңдау еркіндігін осы тәсілмен қолданса, Аллаһу та'аланың құлы болады және жұмаққа кіреді. Егер нәпсіне еріп Аллаһу та'аланы жоққа шығарса, Оған қарсы келсе, таңдауын осылай қолданса нәпсінің құлы болып тозаққа түседі.
Бұл дүние – ахыреттің егістігі. Ахыретке пайдасы тимейтін дүниелік нәрселердің барлығы зиянды болып табылады. Харамдар, күнәлар және мубахтардың көбі осыған жатады. Дүниелік нәрселер ислам дініне сай қолданылса, ахыретке пайдалы болады. Бір жағынан дүние ләззатына, екінші жағынан ахырет ниғметіне қауышылады. Хадис шәрифте: «Қалауы ахырет болып, ахырет үшін еңбек еткен адамға Аллаһу та'ала бұл дүниені қызметші етеді» делінген.
Адам баласы дүниеде нені таңдап, күш-жігерін қайда жұмсаған болса, ахыретте өз таңдауының, ұстанған бағытының жемісіне қауышады. Бұл таңдауға байланысты. Аллаһу та'алаға құлдық етуді, яғни ахыретті таңдаған адамға, бұл таңдауының өтемі ретінде жәннат беріледі. Нәпсіне құл болуды, оның зауқына қауышуды, яғни дүниені таңдаған адам, бұл таңдауының нәтижесі ретінде тозаққа кетеді. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дүниелікке дүниеде қалатындай мөлшерде, ал ахырет үшін ол жақта шексіз қалатындай еңбек ет!» деп бұйырған.