Сіз білесіз бе? Мұсылман қолбасшылар (2)
6. Бейбарыс сұлтан (1223–1277). Мысырдың мәмлүк сұлтаны, Крест жорықтарына және моңғолдарға қарсы күресті. Айн-Жалут шайқасы (1260 ж.) – моңғолдардың Орта Шығыстағы жеңілмейтіндігін жойды; Антиохия, Триполи сияқты крестшілердің бекіністерін басып алды. Қарапайым құлдан (мәмлүк) сұлтан дәрежесіне дейін көтерілді. Ислам әлемін моңғол және кресшілер шапқыншылығынан сақтап қалды.
7. Осман I (1258–1326). Осман империясының негізін қалаушы. Кіші Азияда Византияға қарсы сәтті жорықтар жүргізді. Османлылардың билік жүргізу дәстүрін қалыптастырды. Оның ұрпақтары кейін бүкіл Таяу Шығыс, Балқан және Солтүстік Африканы бағындырды.
8. Мұхаммед Фатих (1432–1481). 1453 жылы Константинопольді (Стамбулды) жаулап алып, Византия империясын құлатты; Балқан түбегінде Осман билігін нығайтты; Қара теңіз аймағында Осман үстемдігін орнатты. Ғылым мен өнерге қамқорлық жасады. Әскердегі жаңа артиллериялық жүйені енгізді.
9. Бабур (1483–1530). Үндістанда Ұлы Моғолдар империясын құрды. 1526 жылы Панипат шайқасында Дели сұлтанатын жеңді; Орталық Азия мен Үндістанды біріктіріп, жаңа мәдениет қалыптастырды. Оның ұрпағы Ұлы Моғолдар билігін 300 жылға жуық сақтады.
10. Нұраддин Зәңгі (1118–1174). Салахаддинның ұстазы әрі ислам әлемін кресшілерден қорғаған. 1149 жылы Антиохияны басып алды; Дамаск, Алеппо, Мосулды біріктіріп, қуатты мемлекет құрды. Кедейлерге көмек көрсетіп, әділ билік жүргізді. Салахаддинге жол ашып, мұсылман әлемін нығайтуға көмектесті.
Бұл ұлы қолбасшылар тек жауынгер ғана емес, сонымен қатар әділ билеушілер, стратег және өз елінің қорғандары болды.