Untitled Document

Сұхбат... Ықылас адамның істерінен белгілі болады

Ықылас (ихлас) – денемен немесе мал-мүлікпен жасалатын парыз немесе нәпіл ғибадаттарды, мәселен жақсылық жасауды, мұсылмандарды қуантуды, зікірді, истиғфарды (әстағфируллаһ айту) Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз.

Намаз оқудағы мақсат Аллаһу та’аланың ұлылығын ойлап Оның алдында өзінің төмендігін, әлсіздігін түсіну. Мұны түсінген адам үнемі жақсылық жасайды. Нәпсіне еретін адамның оқыған намазы сахих болса да жемісін көрмейді. Өйткені адамдардың жанында сүннеттеріне сай оқып, ал жалғыз қалғанда әдептеріне мән бермей оқылған намаз рия болады. Пайғамбарымыз «Адамдарға көрсету үшін намазын жақсы оқып, ал жалғыз қалғанда бұлай оқымаған адам Аллаһу та’аланы мазақ еткен болады» деп білдірген. Күнде бес рет Раббының құзырында тұрғанына ниет еткен адамның көңілі ықыласқа толады. Өйткені намазда орындалуы әмір етілген әрбір әрекет көңіл мен денеге түрлі пайдалар келтіруде. Мешіттерде жамағатпен намаз оқу мұсылмандардың көңілдерін бір-біріне байлайды және бір-біріне бауыр екенін түсінеді. Үлкендер кішілерге мейірімді болады. Кішілер үлкендерге құрмет етеді. Байлар кедейлерге, күштілер әлсіздерге көмекші болады. Дені саулар науқастанған бауырларын мешітте көрмегенде үйлеріне іздеп барады және «Дін бауырына көмектесу үшін жүгірген адамның көмекшісі Аллаһ болады» деген хадис шәрифтегі сүйіншіге сәйкес болуға жарысады.

Хазреті Шәйх Абдулқуддус баласына былай деп насихат айтқан:

«Уақыттың қадірін біл! Күні-түні ілім үйренуге тырыс! Әрқашан дәретті жүр! Бес уақыт намазды сүннеттерімен, тадили әрканымен, хушумен, Аллаһу та’аланы көріп тұрғандай және пайғамбарымыздың білдіргеніндей оқуға тырыс! Бұларды орындасаң, дүниеде және ахиретте сансыз көп ниғметтерге қауышасың. Ілім үйрену ғибадат жасау үшін керек. Қиямет күні амалдардан сұралады, «Көп ілім үйрендің бе?» деп сұралмайды. Ал амалдар мен ғибадаттар болса, ықыласқа қол жеткізу үшін керек. Барлық нәрсені Аллаһу та’аланың разылығы үшін орындау болған ықылас болса, шынайы илаһ және шартсыз бар болған Аллаһу та’аланы жақсы көру үшін керек».