Untitled Document

Сұхбат... Жанұя бақыты

Әһли хикмет ғалымдар (әулиелер) былай дейді:

Мына бес нәрсе ер бақытының кілті:

 1) Жарының түсінікпен қарайтын және мойынсұнатын болуы,

 2) Баласының айтқан тілді алатын және сыйлайтын болуы,

 3) Достарының дұрыс және сенімді болуы,

 4) Көршілерінің жақсы болуы,

5) Күнкөрісінің өз мемлекетінде болуы. Өз мемлекеті дегеніміз туған жері деген мағынада емес. Жұмысы жақсы болған, салих достары көп болған, дініне оңай құлшылық ете алатын жері дегенді білдіреді.  

Мына алты қасиетті бойына жиған әйел шынайы салиха (жақсы) сипатты саналады:

1) Бес уақыт намазын үзбей оқуы,

2) Күйеуін жақсы көріп оған мойынсұнуы,

3) Барлық ісінде Аллаһ разылығын көздеуі,

4) Адамдарды шағыстырудан, өсек, ғайбат айтудан тілін тыюы,

5) Мал-мүлік турасында «зуһд» және «қанағат» иесі болу,

6) Қиыншылықтарға қарсы сабырлы және бекем болуы.

Мұндай жақсы әйел діннің тірегі, жанұяның негізі, ғибадаттарда да қолдаушы және көмекші болады. Мұның терісі болған әйел жақсы әйел бола алмайды, өзі қуанышты болғанымен күйеуін қарабет қылады.