Рамазан сұхбаты... Оразаны ұйқыда өткізу
Сұрақ: Бір кісі: «Оразасын ұйқыда өткізетін адам сауап алмайды, алса тек түсінде ғана алар. Оразаның сауабын қиялдай да алмайды» дейді. Мен түнде жұмыс істеймін, күндіз ұйықтаймын, тек намаз уақыттарында тұрып, намазымды оқып, қайтадан жатамын. Менің оразаларым босқа кетіп жатыр ма?
Жауап: Жоқ, ораза ұстаған адамның ұйықтауының зияны жоқ. Керісінше ұйықтауы да сауап болады. Түнде жұмыс істемесеңіз де күндіз ұйықтауыңызға болады. Хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ораза ұстаған адамның ұйқысы ғибадат». (Дәйләми).
Ұйықтау жаман амал емес. Өлі сияқты жатқан адам Аллаһу та’аланың мейірімімен, ұйықтағанда да сауап алады. Ұйқыда күнә жазылмайды, өйткені саналы түрде ешқандай күнә істелмейді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:
«Мына үш адамға күнә жазылмайды: Ұйықтап жатқан адамға оянғанға дейін, балаға балиғатқа жеткенге дейін және ақыл-есі кем адамға жазылғанға дейін». (Әбу Дауд).
Сұхбат...Кафарат намазы
Бұл намаз екіндінің сүннеті сияқты төрт рәкат оқылады. «Қазаға қалған және қазасын кешіктірген намаздарының күнәларының кешірілуі үшін кафарат намазын оқуға» деп ниет етіледі. Оның айырмашылығы әр рәкаттың қиямында Фатихадан кейін 1 рет Аятәл күрси және 10 рет Кәусар сүресі оқылады. Екі рәкаттан кейінгі отырыста әттахият, Аллаһумма салли, Аллаһумма барик оқылып үшінші рәкатқа тұрады. Үшінші рәкатты сүбханакәмен бастайды. Ал басқа жерлері бірдей. Рамазан айының соңғы жұма намазынан кейін екінді намазына дейін оқылады. Кафарат намазы және қасиетті уақыттарда жасалатын басқа да ғибадаттар қаза болған парыз намаздардың күнәларының кешірілуі мақсатымен жасалған тәубенің қабыл болуы үшін жасалады.