Сапарда ораза ұстау
Сұрақ: Сапарда жүрген адамға Рамазан оразасы парыз ба?
Жауап: Иә, бірақ қазаға қалдыруы рұқсат болады.
Сұрақ: Сапарда ораза ұстау міндетті емес болғанына қарағанда, Рамазан оразасын ұстаған адам нәпіл сауабын ала ма?
Жауап: Сафари (жолаушы) адам Рамазан оразасын ұстаса парыз сауабын алады.
Сұрақ: Сапарда ораза ұстамауға рұқсат бар деп оразаға ниеттенбедім. Сағат 11-де ұшаққа мінетін болғандықтан, таңғы асымды ішіп жолға шықтым. Сапарда ораза ұстамау рұқсат емес пе?
Жауап: Имсак уақытынан бұрын сапарға шыққаныңызда, оразаға ниет етпей сапарға шыққанда ішіп-жей беруіңізге болатын еді. Алайда таңғы асты ішкен кезіңізде мұқим (жергілікті) едіңіз және ниет етпей, ішіп-жеп отырдыңыз, осы себептен күнә болады. Ниет етіп, ораза ұстап жолға шығуыңыз және сол күннің оразасын бұзбауыңыз керек еді, яғни сол күннің оразасын ұстауыңыз керек еді. Ниет етпей ішіп-жегеніңіз үшін тек бір күн ғана қаза керек болады.
Сұрақ: Имсак уақытынан кейін сапарға шыққанымыз үшін оразаға ниет еткен боламыз. Яғни сол күні жолаушы болсақ та ораза ұстауымыз керек. Бірақ, мәселен таңғы сағат 11-де АҚШ-на бару үшін ұшаққа мінеміз. Үздіксіз батысқа кеткеніміз үшін Нью Йоркқа барғанда 7 сағатқа, Лос Анджелеске барғанда 10 сағатқа созылады. Бұл жағдайда не істеу керек?
Жауап: Ораза ұстай алса сауап алады, аштық пен шөлге шыдай алмай бұзатын болса күнә болмайды. Сапарда жүргенде оразаны үзірсіз бұзған адамға кафарат керек емес.
Сұрақ: Бір адам Рамазан оразасын сапарға шыққанда себепсіз бұзса, қаза керек пе, әлде кафарат па? Мұқим кезде оразасын бұзып, кейін сапарға шықса, қаза керек пе, әлде кафарат па?
Жауап: Ниет етіп ұсталған оразаны сапарға шыққанда бұзу күнә болады. Бірақ күнә істеген болса да, сапарда бұзғандықтан кафарат керек болмайды. Егер мұқим кезде бұзып сапарға шықса, онда кафарат та қажет болады.