Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Әйелдердің хайз күндерінде

Сұрақ: Рамазанда бір әйелдің хайзы (етеккірі) келсе, тұтқан оразасын ашып жібере ала ма? Хайзы бітуге жақындағанда ішіп-жеуі күнә бола ма?

Жауап: Рамазанда бір әйелдің хайзы имсак (ауыз бекітетін) уақытынан кейін тоқтаса, сол күні кешке дейін ораза ұстағандай ешнәрсе жемей жүреді. 

Сұрақ: Бір әйел ақшамнан ертеңгі оразаға ниет етсе, ертеңіне хайзы басталса ол күні ораза ұстай ма?

Жауап: Хайз басталған кезде ораза бұзылған болады, ішіп-жей алады. Бірақ ораза ұстағандардың көз алдында ештеңе жемеу керек!

Сұрақ: Әйел түнде ниет еткен оразасын түсте бұзған болса, түстен кейін етеккір көрсе, қаза етуі қажет пе?

Жауап: Етеккір болмағанда кафарат қажет болатын еді. Хайз болғаны үшін қаза керек. Бір адам оразасын бұзса, кейіннен ораза ұстай алмайтын дәрежеде аурып қалса да қаза керек.

Сұрақ: Хайзды әйелдің Рамазанда ораза ұстауы рұқсат па?

Жауап: Жоқ.

Сұрақ: Оразаның қазаға қалмауы үшін хайзды дәрімен кешіктіру рұқсат па?

Жауап: Рұқсат.

Сұрақ: Қаза оразасын ұстаған күнімде етеккірім басталды. Етеккірім біткеннен кейін жартылай болып қалған оразам үшін бөлек тағы бір күн ұстауым керек пе?

Жауап: Одан бөлек ораза ұстамайсыз. Қаза оразаңыз жартылай қалды. Соны жаңадан ұстайсыз.

Сұрақ: Өзі ханафи болған, бірақ кейбір мәселелерде Маликиді тақлид ететін әйелдің қаншама айлардан бері хайз күндері әр уақытта 15 күнге жалғасады. 15 күн таза жүреді. Ханафиде хайздың ең ұзағы 10 күн деп қабылданған. Енді әлгі әйел хайзының 10 күнін өткізген соң әлі етеккірі жалғасып жатса да, ораза тұта алады ма?

Жауап: Оразада малики тақлид етілмегені үшін, 10 күннен кейін оразасын ұстайды.