Untitled Document

Отбасы... Әйел ақысы

Әйелінің жақсы мінезді болуын қалайтын адам, алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келетін қиыншылықтар өзінің жасаған күнәларының себебімен келетіні айтылған. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан сақ болғандар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады.

Фудайл бин Ияд хазрет былай деген:

«Дінге сай болмаған іс жасағанымды әйелімнің мінез өзгерісінен аңғаратын едім. Дереу ол ісіме тәубе еткенімде әйелімнің мінезі де дұрысталатын. Осылай тәубемнің қабыл болғанын түсінетін едім».  

Әли-ул Хауас хазретке әйелі ренжіген еді. Әйелі күйеуіне қырсығып бөлек ыдыс қолданып жүрді. Әли-ул Хауас хазрет бір күні жаңылысып әйелінің ыдысымен су ішіп қойғанында әйелі ыдысты сындырып тастады. Хазрет «ыдысты не үшін сындырдың?» деп те айтпай, ешнәрсе болмағансып жүре беріпті. Осман әл-Хатиб хазреттің көршісі Нуреддин Шунидің айтып бергені: Бір түні сыртқа шықтым. Ескі төсенішпен оранып жатқан бір адамды көріп «Сен кімсің, бұл жерде не үшін жатырсың?» дедім. «Көрші бұл мен Осман әл-Хаттаб. Баламның анасы мені үйден қуып жібергені үшін көшеге шықтым, ашуы тарқағанша осында жатуды ұйғардым» деген екен.

Отбасы болған соң ұрыс-керіс болмай тұрмайды. Сондай кезде әйелдің нәзік, әлсіз жаратылыс екенін естен шығармаған жөн. Осындай сәттерде еркек өзінің ерлігіне салып сабыр етуі керек, әйелінің алдында өзінікін дәлелдеп қырсығудың қажеті жоқ.

Хадис шәрифтерде айтылған:

«Мұсылман кісі әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі бар болса, жақсы мінезі де бар болады». (Муслим).

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны». (Тирмизи). 

«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам.  Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін». (Нәсаи).