Рамазан сұхбаты... Оразаның рухани пайдасы да бар
Сұрақ: Ораза ұстаудың пайдасы тек денеге ғана тие ме? Рухани пайдасы жоқ па?
Жауап: Ораза адамдарға заттық пайдалармен бірге рухани пайдалар да тигізуде. Бір жыл бойы әртүрлі тағамдарды қорытып шаршаған адамның асқазаны мен ішектері жылына бір рет демалып, саулығын қорғауда. Бұлар заттық пайдаларынан.
Ал рухани пайдасы, ораза ұстаған адам аш адамның қиыншылығын сезініп, мұқтаждарға көмектесу керектігін түсінеді. Бұл адамдардың бір-біріне көмектесуіне себеп болады. Ал бір-біріне көмектескен адамдардың қоғамында ұрыс-керіс болмайды. Одан бөлек Аллаһу та'аланың әмірін орындау үшін бір ай күндіз ораза ұстаған мұсылман Аллаһу та'аланың басқа әмірлерін де орындауға дағдыланып қалады және басқа әмірлерді орындауға қабілет менгереді.
Ораза ұстаушының тек қана асқазанын тынықтыруды, диета ұстауды көздеуі оразаның сахих және қабыл болмауына себеп болады. Өйткені ораза тек қана аш болу мен шөлдеп жүруден, сырты ғана жылтыраған қажетсіз амалдардан құралмаған. Оразаның ішкі дүниеге де көптеген пайдалары бар. Ілімі мен түсінігі жоғары адамдар дененің рухтың мекені және нәпістің қалаулары айналып тұратын орын екенін біледі. Нәпістің денелік қалаулары қаншалықты көп болып, денеге қаншалықты басым келетін болса, рухтың дамуы соншалықты аз болады, тіпті мүлдем дамымайды. Барлық діндерде нәпістің қалауларын істемеу, яғни риязат шегу Аллаһу та'алаға жақындауға себеп болады деп көрсетілген. Тек қана ішіп-жеуден ғана сақтанып, өтірік сөйлеуден, ғайбаттан тыйылмай ұсталған оразаның пайдасыз амал екендігін ислам ғалымдары айтқан.