Рамазан сұхбаты... Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар (2)
Сұрақ: Бір себепке байланысты ораза ұстай алмаған адам ол күні Құран кәрімді оқи ала ма, тарауих намазын оқи ала ма?
Жауап: Ораза, намаз және Құран оқу бір-біріне байланысты ғибадат емес. Бір себеппен ораза ұстай алмаған адам құран кәрім оқиды, бес уақыт намазын да, тарауих намазын да оқиды.
Сұрақ: Ораза кезінде құлағым суықтап құлық ағуы оразаны бұза ма?
Жауап: Бұзбайды. Оразада көбіне денеден шығатын нәрселер оразаны бұзбайды. Мәселен қан алдыру оразаны бұзбайды. Бірақ өз қалауымен ауыз толтырып құсатын болса ораза бұзылады. Оразаны көбінесе денеге кіретін нәрселер бұзады.
Сұрақ: Қан алдырғанда ораза бұзыла ма?
Жауап: Бұзылмайды.
Сұрақ: Ораза кезінде құлақты мақталы шимен тазалау оразаны бұза ма?
Жауап: Ханафи мазһабында бұзбайды. (Шафии мазһабында бұзады).
Сұрақ: Душ алғанда құлаққа сабынды су кірсе ораза бұзыла ма?
Жауап: Бұзылмайды.
Сұрақ: Ауыз берік кезде мұрынға тартқан су ауыздан шықса ораза бұзыла ма?
Жауап: Бұзылады. Мұрынға дәрі тамызу секілді суды да тартқанда тамағымыздан шықса ораза бұзылады, қазасын ұстау керек.
Сұрақ: Ара шақса ораза бұзыла ма?
Жауап: Бұзылмайды.
Сұрақ: Ауыз берік кезде ғұсыл алу оразаны бұза ма?
Жауап: Ғұсыл алумен ораза бұзылмайды. Бірақ ауыздан, мұрыннан ішке су кіретін болса немесе судың ішіне отырса (ваннаға, бассейнге) немесе іш дәрет алғанда ішке су кірсе бұзылады.
Сұрақ: Жарылған ерінге немесе қолға вазелин, крем жағу оразаны бұза ма?
Жауап: Жоқ, бұзбайды.
Сұрақ: Ауруханада асқазанды тексеру үшін бір ұшы сыртта бір ұшы асқазанға салынатын құрал оразаны бұза ма?
Жауап: Бұзбайды.