Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Рамазан айы

Бұл айда Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат айтқан, жалған сөйлеген, біреуді ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар. Көп Құран оқыңдар. Өйткені рамазанда оқылған Құран кәрімнің әрбір әрпіне Хақ та’ала жәннат бақшаларынан бір бақша береді».

 «Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүминдерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім, ал соңы тозақ отынан құтылу».

«Егер құлдар рамазан айындағы ізгілік пен жақсылықтарды білсе, бүкіл жылдың рамазан болғанын қалар еді. Өйткені, онда көп сауап бар».

«Рамазан айында бір күнә істеген адам екі азап алады. Рамазанда бір жақсылық жасаған адам екі сауап алады».

«Рамазан айының күні мен түнінде Құран кәрімнің бір аятын оқыған адамға әрбір әрпіне бір шәйіт сауабы беріледі».

«Рамазанды құрметтеген адам Аллаһу та’аланы құрметтеген болады».

Рамазан айының оразасынан мақұрым қалғандар ахиретте өкінішке қалады. Себебі бұл айдағы ғибадаттарға сауаптар еселеніп жазылады. Рамазанның сауабының есебін бір Жаратушыдан басқа ешкім білмейді.

 

Оразаның үш парызы бар:

1. Ниет ету.

2. Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.

3. Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.