Күннің тарихы... Хазреті Ақшамседдин
Стамбул жеңісінің рухани жетекшісі, ұлы ғалым, ұстаз, дәрігер және әулие хазреті Ақшамседдин Фатих Сұлтан Мұхаммед ханның ұстазы болатын. 1390 жылы Шам (Дамаск) қаласында туылып, 1460 жылы Гөйнүк (Түркия) қаласында қайтыс болған. Әр жылы мамыр айының соңғы жексенбі күні Гөйнүкте еске алу күні аталып өтуде.
Хажы Байрам Уәли хазреттің шәкірттері арасынан шыққан хазреті Ақшамседдин «Рисалат-ун-нурия» және «Мадда-тул-хаят» атты кітаптардың авторы. Ақшамседдин хазрет бұл кітаптарында: «Аурулар адамнан адамға жанды болмыстар арқылы өтеді» деп микробтарды алғаш ашқан ислам ғалымы болған.
Хазреті Ақшамседдиннің үгіт-насихаттары:
Әрбір ісіңді бисмилләһ айтып баста. Таза бол, әрдайым жақсылық жасауды әдетке айналдыр, жалқау болма, намазға аса мән бер. Ниғметке шүкір, қиыншылыққа сабыр ет. Дүниенің бағына алданып тәкаппар болма. Өмірің ұзақ болсын десең ешкімге ашуланба, ешкімге жәбір көрсетпе. Ешкімнің ниғметіне хасед етпе (көре алмаушылық етпе). Сенен үстем болған адамның алдына түсіп жүрме. Тырнағыңды мүлдем тістеп кеспе. Көп ұйықтау табысыңның азаюына себеп болады. Ақылың болса сапарға жалғыз шықпа. Сәре уақтында Құран кәрім оқы. Зікірің үнемі хамди худа (Аллаһу та’алаға хамд ету) болсын. Тозақ азабынан да алаң бол. Хаседтен (көре алмаушылықтан) аулақ бол, өзіңді басқаларға мақтама. Намахрамға (харамға) қарама, харамға қарау ғафлет береді. Ешкімді ренжітпе. Жерге түскен нәрсені тазалап жейтін болсаң кедейліктен құтыласың. Әдепті, қарапайым мінезді және жомарт бол. Жүніп адаммен бірге тамақ жеу көңілге мазасыздық береді. Бір үйде жалғыз жатудан сақтан. Тыржалаңаш жату кедейлікке себеп болады.