Untitled Document

Қызық дерек... Xiaomi

Xiaomi корпорациясы 2010 жылдың 6 сәуірінде Пекинде Лэй Цзюнь және оның алты серіктесі: Линь Бин, Чжоу Гуанпин, Лю Дэ, Ли Ваньцян, Вонг Конг-Кат және Хун Фэнмен бірге негізін қалады.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша компанияда 33 627 қызметкер жұмыс істейді.

2020 жылы Xiaomi 149,4 миллион смартфон сатты.

2023 жылдың екінші тоқсанында компанияның жаһандық смартфондар нарығындағы үлесі 12.9% құрап, 32,9 миллион дана жеткізілді.

2023 жылдың екінші тоқсанында Xiaomi-дың таза табысы 147% өсіп, 5,1 миллиард юаньға (шамамен 700 миллион АҚШ доллары) жетті.

2023 жылдың бірінші жартысында түзетілген таза пайда 8,4 миллиард юаньды құрады.

Xiaomi өнімдері әлемнің 100-ден астам елдері мен аймақтарында қолжетімді.

2024 жылдың тамыз айында компания қатарынан алтыншы рет Fortune Global 500 тізіміне енді.

Xiaomi компаниясы смартфондардан бөлек тұрмыстық электроника; мысалы, Ақылды теледидарлар (Mi TV): 4K, OLED және QLED үлгісінде, Ақылды динамиктер: Google Assistant немесе XiaoAI қолдауы бар Mi Smart Speaker, тазалағыш роботтар. Ақылды үй құрылғылары; ақылды шамдар, қауіпсіздік камералары. Тұрмыстық техника; кір жуғыш машиналар, тоңазытқыштар, қысқатолқынды пештер. Компьютерлік аксессуарлар және көптеген өнімдерді шығарумен айналысады.

Бәсекелестері: Samsung Electronics (Оңтүстік Корея), Apple (АҚШ), Huawei Technologies (Қытай), Oppo және Vivo (Қытай), Realme (Қытай), OnePlus (Қытай), Lenovo және Motorola (Қытай/АҚШ), ж.т.б.