Untitled Document

Сұхбат... Жамандықтардан құтылудың жолы

Аллаһу та’ала өлімнен басқа барлық аурулардың дауасын, шипасын жаратқан. Барлық қиыншылықтардың, барлық қасіреттердің шарасы бар. Барлық нәрсе бір себеппен жаратылған. Бір нәрсеге қол жеткізгісі келетін адам ол нәрсенің себебіне жүгінеді. Кез келген нәрсенің себебіне жүгінген адам ол нәрсенің нәтижесіне қол жеткізеді.

Барлық дерттің, аурудың, қиыншылықтың дәрісі, шешімі бар болғаны секілді, жамандықтардан құтылудың да жолы, шешімі бар. Дұрыс оқылған намаз барлық жамандықтан құтылудың жолы болып табылады. Өйткені «Анкәбут» сүресінің 45-ші аятында «Дұрыс оқылған намаз адамды үлкен күнәлардан және Аллаһу та’аланың разы болмаған нәрселерінен қалайда алыстатады» делінеді.

Аят кәримадағы «қалайда» деген сөз міндетті түрде деген мағынаны білдіреді. Яғни намаз адамды жамандықтардан міндетті түрде алыстатады деген сөз. Бірақ аяти кәримада кез-келген намаз емес «дұрыс оқылған намаз» деп айтылған.

Дүние жұмыстарында бір келеңсіз жағдайға, қиыншылыққа тап болған адам истиғфарға және намазға бет бұруы керек. Дұрыс оқылған намаз барлық дертке дауа болады. 

Әр күні бес уақыт намаз оқу қиын емес. Күнә көп істейтеумен жүрегі (көңілі) қарайған адамға бес уақыт намаз оқу қиын болып көрінеді. Намаз оқу Аллаһу та’аладан қорқатын мұсылмандарға оңай болады, қиын келмейді. Өйткені «Бақара» сүресінің 45-ші аятында «Намаз оқу тек мұсылмандарға, Аллаһу та’аладан қорқатындарға оңай болады» делінген.