Сұхбат... Сараңдық
Сұрақ: Сараңдық туралы мәлімет бересіздер ме?
Жауап: Дін, ождан және адамгершілік тұрғысынан беру керек болған жерлерде бермеу және беруге қиналу сараңдық болып табылады. Аллаһу та’ала нисап мөлшерінде байлық берген адам уақыты келгенде оның зекетін, пітірін бермесе және құрбандығын шалмаса, бала-шағасының да нафақасын толық бермесе бұл адам сараң деген сөз. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:
«Аллаһу та’ала нәсіп етіп берген мал-мүлікте сараңдық еткендер, оның зекетін бермегендер осы тірліктерімен байлықтарын сақтап қалып, өздеріне жақсылық жасадық деп ойлайды. Ал негізінде өз-өздеріне жамандық жасады. Ол мал-мүліктер тозақта азап құралдарына айналады, жылан кейпінде мойындарына оралып, бастан аяққа дейін шағады». (Али Имран 180)
Хадис шәрифте: «Сараңдықтан сақтаныңдар! Өйткені сараңдық сендерден бұрынғылардың опат болуына себеп болды» делінді. (Тәбйинул-Мәхарим)
Имам Ғазали хазрет былай деген: «Ең сараң адамдар діннің борыш еткен міндеттерін өтемейтіндер. Зекетін бермейтіндер, бала-шағасының нафақасын қамтамасыз етпейтіндер немесе бұларды жүк ретінде еріксіз орындайтындар осындай. Бұлар табиғатында сараң. Амалсыз жомарт көрінуге тырысады немесе мүлкінің қалдықтарын немесе қаламай орта дәрежеде бергісі келеді. Азығы көп бола тұра аш көршісіне бермеу, алдында тамақ тұрғанда ұзақтан бір кедейдің келе жатқанын көріп тамақты тығып қою адамгершілікке жат қылық және сараңдық болып табылады».
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран кәрім аяттары, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалардың есімдері мен тәбәрік атаулар бар болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауыңызды өтінеміз.