Untitled Document

Күннің тарихы... Бәрат түні

Бәрат түні – Шабан айының 15-ші түні. Құран кәрім Ләухул махфузға осы түні түсті. Аллаһу та’ала бұрын ештеңе жаратпастан бұрын  жарататын нәрселерінің барлығын қалады. Олардың бір жыл ішінде болатындарын осы түні періштелерге білдірді. Бұл түн рақымдылық есіктері ашылып дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі. Расулуллаһ бұл түні көп ғибадат жасап дұға оқитын. «Аллаһуммәрзуқнә қалбән тақийән минәш-ширки бәрийән лә кафирән уә шақийән» дұғасын көп оқитын еді (Риад-ун-Насихин). Шабан айында ораза тұту үлкен сауапты іс.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Шабанның он бесінші түні келгенде түнін ғибадатпен, күнін оразамен өткізіңдер. Ол түні Аллаһу та’ала айтады: «Кешірілгісі келетін адам жоқ па, күнәларын кешірейін? Ризық сұрайтын адам жоқ па, ризық берейін? Дертке дауа іздеген адам жоқ па, денсаулық берейін? Кім не қаласа, соны берейін». Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады». (Ибн Мажә).

«Бұл түні көктердің есіктері ашылады, періштелер мұсылмандарға сүйінші айтады, ғибадатқа шақырады. Бәрат түнінде көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қияметте өкінесіңдер». (Нәсаи, Бәйһақи, А.Мунзири).

«Жәбрейіл алейһиссалам маған келді. «Тұр, намаз оқы және дұға ет! Бұл түн – Шабанның он бесінші түні» деді. Бұл түнді ғибадатпен өткізгендерді Аллаһу та’ала кешіреді. Тек мүшриктерді, сиқыршыларды, палшыларды, сараңдарды, кекшілдерді, мүшахиндерді (бидғатшыларды), ішкілік ішетіндерді, өсім беретіндерді және зинақорлық жасайтындарды кешірмейді». (Табарани).

Хазреті Айша анамыз «Йа, Расулаллаһ, Аллаһу та’ала сізді күнә істеуден сақтағанымен неліктен Бәрат түнінде көп ғибадат еттіңіз?» деп сұрады. Пайғамбарымыз жауап берді:

«Шүкір етуші құл болмайын ба? Бұл жылы туылатын барлық бала осы түні дәптерге жазылады. Бұл жылы өлетіндердің есімдері осы түні жеке дәптерге жазылады. Осы түні барлық адамның бір жылдық ризығы бөлінеді. Осы түні барлық адамның істегендері Аллаһу та’алаға ұсынылады». (Ғүния).