Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Тамақтану

Ыстық күйде ішіп-жеудің зияндары: Құлағы керең болуға себеп болады; Жүзі сарғаяды; Көздерінде нұр болмайды; Тістері сарғаяды: Аузының ләззаты болмайды; Қарны тоймайды; Түсінігі азаяды; Ақылы аз болады; Ауруға себеп болады.

Аз жеудің пайдалары: Дене қуаттанады; Жүрек нұрланады; Есте сақтау қабілеті күшейеді; Күнкөріс жеңілдейді; Істеген ісінен зауық алады; Аллаһу та’аланы көп зікір еткен болады; Ахыретті тәфәккур етеді (ойланады); Ғибадаттарының ләззаты артады; Барлық нәрсеге (қабілеті) үйлесімділігі артады; Есебі оңай болады.

 

Дастархан дұғасы

Тамақтың алдында «Бисмилләһир рахманир-рахим» деу және аяғында «әлхамдулиллаһ» деп шүкір ету сүннет амал болып есептеледі.

Хадис шәрифте келгені бойынша: «Тамақтан кейін:  «Әлхамдулиллаһилләзи ат-амәна хазат-таамә уә разақнә мин ғайри хаулин минна уә лә қууатә» дұғасын оқыған мұсылманның күнәсы кешіріледі».

Тамақтан кейін: «Әлхамдулиллаһилләзи әшбәанә уә әруана мин ғайри хаулин минна уә лә қууаһ. Аллаһуммә атимһум кәма атамунә» дұғасын оқу да өте сауапты.

Осы дұғалардың бәрін қамтитын мына дұғаны да оқыған жақсы: «Әлхамдулиллаһилләзи әшбәанә уә әруана мин ғайри хаулин минна уә лә қууаһ. Аллаһуммә атимһум кәма атамунә. Аллаһуммәрзуқна қалбән тақийан, минәшширки бәриййән ләә кафирән уә ләә шақийан уәлхамдулиллаһи раббил аләмин».