Untitled Document

Күннің тарихы... Миғраж түні

Ражаб айының 27-түні – миғраж түні. Миғраж «баспалдақ» деген сөз. Жәбрейіл алейһисселам келіп, пайғамбарымызды 52 жасында ражаб (ережеп) айының 27-ші түнінде Меккедегі Мешіт Харамнан Құдыстағы (Иерусалим) Мешіт Ақсаға және одан көкке алып кетті.

Ислам ғалымдары былай дейді: «Миғраж рух және денемен бірге жүзеге асты. Аятпен көрсетілгендіктен, Меккеден Құдысқа апарылғанына сенбеген адам кәпір болады. Көктерге, білінбейтін жерлерге апарылғанына сенбеген адам күнәхар болады».

Расулуллаһ миғражда жұмақты, тозақты, сансыз жерлерді көріп, күрси, арш және рух әлемдерінен өтіп, мекенсіз, уақытсыз, бағытсыз, сипатсыз түрде Аллаһу та’аланы көрді. Ешкім білмейтін, түсіне алмайтын ниғметтерге қауышып, бір сәтте Құдысқа, ол жерден Мекке-и Мүкаррамаға келді.

Миғражда бес уақыт намаз парыз болды. Миғраждан бұрын тек таң және екінді намаздары ғана бар болатын. Миғраж түнінде шам намазы 3 рәкат, басқа намаздар 2 рәкат парыз болды. Мәдина Мунаууарада екінші бұйрық арқылы таң мен ақшамнан басқасы 4 рәкатқа көбейтілді. Хижраның 4-ші жылы бұлар жолаушы үшін 2 рәкатқа түсірілді. Азан шақыру да хижреттен бұрын Меккеде миғраж түнінде басталды. Хижраның 1-ші жылы намаз уақыттарын хабарлау үшін азан шақыру бұйырылды.

Миғраж түнін ғибадатпен, күнін оразамен өткізу керек. Бұл жөнінде хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Бұл түні жақсы амал жасаған адамға жүз жылдық сияпат бар». (И. Ғазали, Әбу Мұса әл -Мәдәни).

«Ражаб айының 27-ші күні ораза тұтқан адамға 60 жылдық ораза сауабы беріледі». (И. Ғазали, Әбу Мұса әл -Мәдәни).

Миғраж оқиғасы туралы islamdini.kz сайтымызда, «Пайғамбар қиссасы» бөлімінен оқи аласыз.