Күннің тарихы... Мұхтар Мағауин
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 2 ақпанда 1940 ж. Баршатас ауылы (Аягөз ауданы) туылып, 9 қаңтарда, 2025 жылы Мэриленд (АҚШ) өмірден озды. Кеңестік және Қазақстандық тарихшы, жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984) және Қазақстанның халық жазушысы (1996).
1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын 1965 жылы бастады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.
1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте болды.
1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторлық қызметін атұарды.
1987 жылы еркін шығармашылық қызмет атқарды.
1988 жылдан бері «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының сахибы.
2025 жылғы 9 қаңтарда (Қазақстан уақыты бойынша 10 қаңтарда) Мағауин АҚШтың Мэриленд штатындағы үйінде қайтыс болды.
Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981–1983 жылдары жарық көрді.