Сұхбат... Дәреттiң сүннеттерi
Дәреттiң сүннеттерi он сегiз:
1.Дәретті «Бисмиллаһ» деп бастау.
2. Әуелi екі қолды бiлекпен қоса үш рет жуу.
3. Ауызды үш рет сумен шаю. Бұны Мазмаза деп атайды.
4. Мұрынды да үш рет сумен шайып сіңбіру керек. Бұны Истиншақ деп атайды.
5. Беттi жуғанда қас, сақал және мұрттың түбіндегі көрiнбейтiн терiнi сумен ылғалдандыру.
6. Беттi жуғанда екi қастың астын ысқылау.
7. Сақалды мәсiһ ету.
8. Сақалдың арасын саусақтармен тарамдау.
9. Тiстерiн тазалау. (Мисуакпен тазалау маңызды сүннет).
10. Бастың барлық бөлігіне мәсiһ тарту.
11. Құлаққа бiр рет мәсiһ тарту.
12. Желкені үш саусақпен бiр рет мәсiһ ету.
13. Қол, аяқ саусақтарының араларын тарамдап жуу.
14. Жуылатын мүшелердi үш реттен жуу.
15. Беттi жуатын кезде шын көңілмен (жүрекпен) ниет ету.
16. Тәртiп: яғни рет-ретiмен жуу.
17. Жуылатын жерлердi ысқылау.
18. Әр мүшенiң арасын үзбей жуу.
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран кәрім аяттары, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалардың есімдері мен тәбәрік атаулар бар болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауыңызды өтінеміз.