Untitled Document

Сіз білесіз бе? Еуро валютасы жайлы

- Еуро атауы 1995 жылы Испанияның астанасы Мадридте пайда болды. Банкноттардың көлемі әртүрлі. Валютаны жасауда зағип және нашар көретін адамдардың мүмкіншілігі ескерілген.

- Валюта айналымға түспей тұрып көптеген Еуропа елдерінде грек драхмасы қолданылған.

- Еуроның дизайны құрастырылған конкурсқа 44 жоба қатысып, Роберт Калинның «Еуропаның  дәуірі мен бейнелері» атты жобасы жеңіп шықты.

- Аталмыш валютаның шығуындағы негізгі мақсат — Еуропа елдерінің арасында мықты саяси-экономикалық қатынас пен бірлікті құру болған. Сондай-ақ, ЕО елдерінде еуро заңды банкнота болып табылады.

- Валютаның дизайнын құрастырғанда грек әрпі «эпсилон — “ε“» пайдаланылған. Бұл әріп Еуропа елдерінің тұрақтылығы мен бірлестігінің белгісі.

- Еуропалық Одаққа кірмейтін Ватикан, Монако, Андорра, Сан-Марино, Черногория  секілді елдер де еуро валютасын қолданады. Керісінше, Румыния, Швеция, Дания, Венгрия, Чехия, Польша секілді елдер еуродан бас тартқан.

- Еуро валютасында қоңыр түс қолданылмайды.

 

Еуропа

Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” — “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) — Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрлығын құрайтын әлем бөлшегі.

Аумағы 10 млн. км2 жуық, халқы 826 млн. адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты түрде алынған материк. Ол құрлықта Орал тауы, Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздерге ұласады. Одан арғы шекарасы Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді.

Еуропа солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитпен және оның Кара, Баренц, Ақ, Норвег теңіздерімен, батысы мен оңтүстігінде Атлант мұхитымен және оның Балтық (Балт) пен Солтүстік теңізі, Ирланд, Жерорта теңіздерімен қоршалған. Оңтүстік-шығысында Каспий теңізі орналасқан.