Untitled Document

Сұхбат ... Кедейлік және еңбек ету

Ризықты беретін Аллаһу та’ала. Жұмыс істеу ризықты көбейтпейді. Жұмыс істеу арқылы ризықтың себебіне жүгінген боламыз. Бұл сүннет. Хазреті Лұқман: «Еңбек етіп табысқа жет! Еңбек етпей мұқтаж болған адамның діні де, ақылы да нұқсан!» деп бұйырған. Ризық үшін алаңдамау керек! Құран кәрімде «Әрбір жандының ризығы Аллаһқа тиісті» делінген.  Хадис шарифтерде:

1) Ризық үшін қайғырма, тағдырыңда болған ризық сені табады. (Исфахани)

2) Еңбек етіп күн көру әрбір мұсылманға парыз. (Табарани)

3) Еңбек етпей өзін садақа сұрайтындай дәрежеге түсірген кісі 70 нәрсеге мұқтаж болады. (Тирмизи)

4) Әке-шешені, бала-шағаны бағу үшін, ешкімге мұқтаж болмау үшін еңбек ету – жиһад. (И. Асакир)

5) Өмірім ұзақ болсын, рызығым мол болсын деген адам туыстарын зиярат етсін, оларға қамқор болсын! (И. Ахмед)

6) Таңертеңгілік ұйқы ризыққа кедергі болады. (Бәйһақи)

7) Қажеттілігін (жоқшылығын) халыққа ашқан кісі мұқтаждықтан құтыла алмайды. Аллаһтан сұраған кісі мұқтаждықтан құтылады. (Хаким)

8) Үйге кірерде «Ықылас» сүресін оқыған адам кедейлік көрмейді. (Қуртуби)

9) Әр түні «Уақиа» cүресін оқыған адам кедейлік көрмейді. (Асакир)

10) Қиындыққа тап болған немесе қарызданған адам мың рет «Лә хаулә уәла қууата иллә билләһил алийил азыйм» десе Аллаһу та’ала жұмысын жеңілдетеді. (Шира)

11) Ризыққа қауышқан кісі көп шүкір етсін! Ризығы азайғанда көп истиғфар етсін! (Хатиб)

Құран кәрімде: «Аллаһтан қорыққанға Аллаһ қиыншылықтан шығу жолын береді және ризығын ойламаған жерден жібереді» деп айтылған. (Талақ 2,3)

Шүкір – «Әлхамдулилләһ», истиғфар – «Әстағфируллаһ» деген сөз. Истиғфар ету – күнәларының кешірілуіне себеп болатын жақсылықтарды жасау деген сөз.

Бала-шағасын бағуда қиыншылық шегіп жүрген бір адамға пайғамбарымыз: «Неге истиғфар айтпайсың? Мен күніне 100 рет истиғфар айтамын» деген.