Мәлімет... Күнтізбеміздегі уақыттардың анықтамасы
ИМСАК: Ораза тұтқанда ауыз бекітетін уақыт.
БАМДАТ: Таң намазының алғашқы уақыты. «Күн» деп белгіленген уақытқа дейін жалғасады.
КҮН: Таң намазы уақытының біткенін білдіреді.
БЕСІН: Бесін намазының алғашқы уақыты. Бесін намазының уақыты екінді уақытына дейін жалғасады.
ЕКІНДІ (Аср): Екінді намазының басталу уақыты. Күнтізбеміздегі екінді уақыты Екі Имамның (Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің) «Асри әууәл» үкімі бойынша берілген. Екінді намазының уақыты шам уақытына дейін жалғасады. Елімізде қалыптасқан «Аср уақыты шам уақытынан екі сағат бұрын кіреді» деген сөз тек оңтүстік облыстарымызға қатысты айтылған! Бүкіл аймақтарды қамтымайды.
АҚШАМ: Шам намазының алғашқы уақыты. Ораза тұтқанда осы шам уақытында ауыз ашылады. Шам намазының уақыты құптан уақытына дейін жалғасады.
ҚҰПТАН: Құптан намазының алғашқы уақыты. Күнтізбеміздегі құптан уақыты екі имамның «Иша-и әууәл» үкімі бойынша білдірілген уақыт. Құптан намазының уақыты имсак уақытына дейін жалғасады.
(Жердің ендік градустары (90 – ауытқу) дан көп болған жерлерде түн және күндіз мүлдем болмайды. Жердің ендік градусының (90 градусқа толықтырғандағы) көрсеткіші (ауытқу + 19дан) кіші болса, яғни жердің ендік градустарымен күннің ауытқуының айырмасы 90-19=71 немесе одан да көп болған кездерде, басқаша айтқанда, күннің ауытқуы 5 градустан көп болған жаз айларында аспанда ақшам уақытының шапағы жоғалмай тұрып имсак (фәжр,таң) уақыты басталады. Сондықтан күнтізбемізде берілген Қазақстанның 27 қалаларының ең солтүстігінен бастап, 16 қаласында мамырдың бесінен тамыздың жетісіне дейінгі аралықтағы күндерде құптан мен таң намаздарының уақыттары кірмейді. Ол уақыттар күнтізбемізде шартты түрде (*) жұлдызшамен берілген. Алдында «жұлдызша ишарасы» бар имсак және құптан уақыттарына тән болған күндердің саны сол елді мекеннің ендік өлшемі 47°33' -тан қаншама үлкен болуына байланысты. Яғни, полюске қарай неғұрлым жақын болған сайын жұлдызшамен белгіленген күндері соғұрлым көп болады.
Құрметті оқырман!
Биыл он тоғызыншы рет оқырманының алдына шығып тұрған
«Түркістан күнтізбесі» арқылы халқымыздың ғибадаттарына аз
болса да көмектесу қызметін нәсіп еткені үшін Жаратқанға
шүкіршілік етеміз. Күнтізбемізде берілген намаз уақыттарын
соңғы мұсылман мемлекеті болған Османлы ғалымдарының ең
жоғары мекемесі «Машихати Исламия» ұжымы дайындаған
х.1334 [м.1916] жылғы «Илмия салнамасы» атты күнтізбемен
Истанбул Университеті құрамындағы Кандилли обсерватория-
сының 1958 ж. жариялаған «Әуқати шариъия» (шариғат белгі-
леген уақыттар) кітабындағы әдістер бойынша есептедік.
Ғибадаттардың уақыттарын анықтау, белгілеу және жариялау
діни сауаттылықты талап етеді. Фиқһ ғалымдары мүжтаһидтер-
ден алған білімдерін фиқһ кітаптарына жазған. Бұрыннан бел-
гілі уақыттарды есептеуге рұқсат бар. Бірақ бұл уақыттарды
ислам ғұламаларының мақұлдауы да шарт. Дін істерінде ислам
ғалымдары және мұсылман астрономия мамандары дұрыстаған
намаз уақыттарын пайдалану керек. Құрметті муфтилер және
есеп мамандарынан құралған ғылыми комиссиясы тарапынан
ең озық технологиямен жасаған есептері арқылы күнтізбеміз-
дегі намаз уақыттарының дұрыстығы тексерілді. Ғасырлар бойы
ғұламалар, шайхулисламдар және бүкіл мұсылмандар ғибадат-
тарын тек шариғи уақыттарда орындаған. Түркістан күнтізбе-
сінде берілген уақыттар сол ғұламалардың ғасырлар бойы
қолданып келген және дұрыстығы әр ғасырдың ислам ғұламасы
тарапынан қолдау тапқан әдістері және формулалары арқылы
есептелді. Күнтізбемізде діни мақалалармен қатар жалпыға
пайдалы тарихи, мәдени қажетті мәліметтер де берілген. Діни
мақалалардың барлығы тек әһли сүннет кітаптарынан алынды.
Күнтізбе беттерінде аяти кәрима және хадис шәриф мағына-
лары, діни жазулар, қасиетті есімдер болғандықтан, құрмет
көрсетіп, жерге тастамауларыңызды өтінеміз. Жаратқаннан
бақытты да тату өмір кешулеріңізді тілейміз. Бізге жаңа пікір-
лері, сындары және дұғалары арқылы көмектесетін оқырман-
дарымызға алғысымызды айтамыз.
Ораза айт намазы уақыттары күнтізбеміздің 30 наурыз күнгі
бетінің артында. Ал құрбан айт намазы уақыттары 6 маусым
күнгі бетінің артында берілген.
«Түркістан мәдениет қоры» қоғамдық қоры
Алматы қ. Қазыбек би көшесі, 90/533 үй, 2 п.
(Сейфуллин даң-ң қ-сы).
e-mail: kuntizbe@gmail.com www.kuntizbe.kz.
Құрметті оқырмандар!
Намаз уақыттары күннің бір жыл бойы күнделікті әре-
кетімен байланысты. Алайда күннің күнделікті шығу
және бату орнымен уақыты бірдей емес, мезгілге
қарай өзгеруде. Осы себепке байланысты күнтізбе-
мізде берілген намаз уақыттары да өте күрделі есе-
птермен шығарылуда. Мысалыға бір жердің
уақыттарын есептеу үшін сол жердің арз және тул
(ендік және бойлық) дәрежесі мен сол күнгі «таъдили
заман» және күннің ауытқу дәрежесін де білу керек.
Астрономия ғалымдарымыз бірнеше ғасыр бұрын
мұның қағидалары мен формулаларын тапқан және
кітаптарына жазған. Осы формулаларда қолданылған
таъдили заман (күндер арасындағы ұзын-қысқалық
айырмашылығы) және мәйли шамси (күннің ауытқу)
кестелерін түсіну қиын болса да, оқырманға аз ғана
пікір беру мақсатында қысқа түсіндірмелер беруді
жөн көрдік.
1) Таъдили заман кестесі: Жер шары өз өсінен 24
сағатта, күннің айналасынан 365,25 тәулікте толық
бір рет айналуда. Алайда Кеплер заңымен
анықталғанындай, бұл айналудың жылдамдығы әр
тәулікте өзгеруде. Осы күн сайын өзгеріп тұратын
тәулік «хақиқи (шынайы) күн тәулігі», ал 24-тен бір
бөлігі «хақиқи күн сағаты» деп аталады. Күннің бір
жылда басып өткен тәуліктердің орташасы «уасати
(орташа) күн тәулігі» деп айтылады. Шынайы күн
тәулігі мен орташа күн тәулігі арасында бір жыл бойы
кездесетін күндік өзгерістер «таъдили заман» деп
аталады. Намаз уақыттары шынайы күн сағатымен
есептелінеді және сол күнгі таъдили заман (-) болса
қосылып, (+) болса азайтып, орташа күн сағаты та-
былған соң күнтізбеге жазылады.
2) Мәйли шәмси кестесі (күннің көрінетін ауытқуы):
бұл күннің экватордан биіктігінің дәрежемен берілуі.
Бұл көрсеткіш жыл бойы өзгеріп тұрады және жыл
сайын белгілі жерлерде, белгілі сағаттарда өлшеніп
кестелер таратылады.